Қазақстан халқы Ассамблеясы

03 Тамыз, 2020

669

Семей: ҚХА мүшелері дәріханаларға мониторинг жүргізді

"Шығыс – адалдық алаңы" жобасы аясында Семей қаласының Достық үйінің қоғамдық келісім Кеңесі мен Аналар кеңесінің мүшелері қаланың Альфамед дәріхана желісіне кезекті жоспарлы мониторинг жүргізді.


Мониторинг барысында дәріханаларадан антибиотиктер, дененің ыстығын түсіретін дәрілер, вирусқа қарсы препараттардың бар-жоғы, сондай-ақ бөлшек сауда үшін белгіленген бағаның сәйкестігі тексерілді.


Қоғамдық келісім Кеңесінің және Аналар кеңесінің мүшелері дәріхананың сөрелерінен аспирин, аскорбин қышқылы және термометрлердің болмауы фактілеріне тап болды. Дәріхана қызметкерлерінің айтуынша, жұмыс күнінің соңына дейін дәрі-дәрмектердің жаңа жеткізілімі болып, ол олқылықтардың орны толтырылатын болады.


Кейін қарай