Қазақстан халқы Ассамблеясы

26 Тамыз, 2016

1048

Семей ядролық сынақ полигонының жабылғанына 25 жыл.

23 тамыз күні Ақтөбе қаласындағы Қазақстан халқы Ассамблеясы ғимаратында ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаев Вашингтон қаласында өткен Ядролық қауіпсіздік жөніндегі саммитте жария еткен «Әлем. XXI ғасыр» минифесін ілгерілету және Семей ядролық полигонының жабылуына 25 жыл толуын атап өуге арналған «Ақ орамал» республикалық акциясы аясында «Ақтөбе облыстық Семей ядролық сынақ полигонының ерекше тәуекел етушілер бөлімінің адрагерлері мен мүгедектері» қоғамдық бірлестігі «Ақтөбе облысы әкімі аппараты» ММ-нің «Қоғамдық келісім» КММ-сі, Ақтөбе облыстық ішкі саясат және облыстық мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармаларымен бірігіп үлкен іс-шара өткізді.

Іс-шараға қатысушыларға арнап Ақтөбе облыстық ішкі саясат басқармасының басшысы Е.Ж.Нұрғалиев сөз сөйлеп, Семей ядролық сынақ полигонының зардаптарына тоқталды. Сөзінің соңында ол 5 ардагерді облыс әкімі Б.М.Сапарбаевтың алғыс хатымен марапаттады.

Іс-шараға қатысушыларды «Халықаралық Невада-Семей қозғалысының» Батысқазақстандық филиалының директоры И.А.Көбенов, Ақтөбе облысының бас радиологы медицина ғылымдарының кандидаты К.М.Қибатаев құттықтап, өз пікірлерін ортаға салды.

Іс-шара соңында мәдениет мекемелерінің ұжымдары шағын концерт берді.

«Ақтөбе облысы әкімі аппараты» ММ-нің

«Қоғамдық келісім» КММ

баспасөз қызметі

Кейін қарай