Қазақстан халқы Ассамблеясы

04 Наурыз, 2021

655

Семейде үздік татар тағамы анықталды

Семей қаласында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған «Шығыс Қазақстан облыстық татар қоғамдық орталығының» ұйымдастыруымен «Татар халық ашлары бик тәмле һәм файдалы» аспаздық шеберлік конкурсы өтті.

Байқаудың мақсаты – дәстүрлі татар тағамдарын жаңғырту, татар тағамдарының алуан түрлілігін көрсету, үздік азпаздарды анықтау. Биыл конкурсқа ерекше 14 тағам ұсынылды. Бірінші орынды Амирова Галияның «Губадиясы» мен Логинов Рауфаның «Кабак бәліші» өзара бөлісті.

Барлық қатысушыларға халықаралық әйелдер күніне арналған сыйлықтар, алғысхаттар мен дипломдар табыс етілді. Демеуші «Мегаспеция» компаниясынан мерекелік тағамдарды дайындауға арналған дәмдеуіштер жиынтығы берілді.

Байқау коцерттік бағдарламамен аяқталды.

Кейін қарай