Қазақстан халқы Ассамблеясы

03 Ақпан, 2020

1735

Семейлік меценаттардың арқасында 150 бала спорт мектептерінде тегін жаттығуда

Семейде қаңтар айында Достық үйінің негізінде ашылған Еріктілер қозғалысының орталығы 30-дан астам іс-шара ұйымдастырып үлгерді.


Бұл қардан тазарту, жарыстарды өткізуге көмек көрсету, спидкубинг клубының ашылуы, «Өлкетану қонақжайы» ұйымы және тағы басқалары. Шараларға барлығы 2 мыңға жуық волонтер қатысса, олардың 384-і ҚХА-ның мүшелері.


Спорттық еріктілік бойынша ҚХА жобасы табысты жүзеге асырылуда. «Gold King» спорт клубында, Семейдің балалр және жасөспірімдер спорт мектебінде, таэкван-до федерациясының ШҚО филиалының секцияларында «Киокушинкай каратэ федерациясы» РҚБ филиалында аз қамьыдған отбасылардан шыққан 150-ге шақты бала тегін спортпен шұғылдануға мүмкіндік алған.


Бұл спорт мекемелерінің басшылары – Қазақстан халқы Ассамблеясының волонтерлері. Олар өздерінің бүгінгі игілікті бастамалары арқылы қазақстандықтардың болашақ буынын дамытуға ұзақ мерзімді инвестициялар салуда.


Кейін қарай