30 Сәуір, 2021
481
Сессия жұмысы ассамблеяның рөлі мен қызметін жаңа сапалық деңгейге көтерді
Қазақстанның Тұңғыш Президенті – Елбасы, ҚХА Төрағасы Нұрсұлтан Назарбаевтың төрағалығымен «Бірліктің, татулық пен келісімнің 30 жылы» тақырыбында өткен сессия жұмысына Атырау облысынан ҚХА мүшелері мен өкілдері онлайн форматта ВКС жүйесімен қосылды.
Барлығы 550-ден астам адам қатысқан сессия жұмысында Елбасы Ассамблеяның алдына қоғамдық келісім мен ұлттық бірлікті одан әрі нығайту бойынша нақты міндеттер қойды.
ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығымен қатар, жалпыхалықтық институтқа айналған Ассамблеяның қызметін, бүгінгі күнге дейін жеткен жетістігін саралаған сессия жұмысының соңында Елбасы ҚХА Төрағасы лауазымын Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевқа тапсырды.
Сессия жұмысы бойынша өзіндік ой-пікірін білдірген облыс әкімі Махамбет Досмұхамбетов Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарында құрылған қауымдастықтың бүгінде үлкен алып күшке айналғанын, сессия жұмысы – рухани тұтастық пен қоғамдық келісімді нығайтудағы Ассамблеяның ролін, оның қызметінің маңызы мен мәнін жаңа сапалық деңгейге көтергенін ерекше атап өтті.
Сондай-ақ, шара соңында Қазақстан Республикасының ел бірлігін нығайту, бейбітшілік пен келісімді сақтау және рухани мәдениетті дамытуға қосқан үлесі үшін «Қазақстан Конституциясына - 25 жыл» мерекелік медалімен «Иверия» грузин этномәдени бірлестігінің жетекшісі Зураб Бобохидзе және “Қазақстан халқы Ассамблеясына - 25 жыл” медалімен Атырау облысы ҚХА-ның құрметті ардагері Александр Думлер марапатталды.
Ұқсас жаңалықтар
-
Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары ҚР Мемлекеттік рәміздері күнімен құттықтайды
-
Қазақстан халқы Ассамблеясының Франция Ұлттық жиналысының депутаты Бруно Фукспен кездесуі өтті
-
Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары Балаларды қорғау күнімен құттықтады
-
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Балаларды қорғау күнімен құттықтады
-
Париж қ. ЮНЕСКО-ның штаб-пәтерінде ҚХА қоғамдық келісім мен этносаралық бірлікті нығайту бағытындағы қызметінің тұңғыш рет таныстырылымы өтті
-
ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫНЫҢ ДОСТЫҚ ҮЙІНДЕ ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫ АССАМБЛЕЯСЫ ЖУРНАЛИСТЕРІНІҢ ӨҢІРЛІК КЛУБЫНЫҢ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ