Қазақстан халқы Ассамблеясы

12 Сәуір, 2017

797

Ш.Қалдаяқов ауылында жолдау талқыланды

12 сәуір күні Қарғалы ауданының Желтау ауылдық округінің орталығы Петровалда және Ш.Қалдаяқов ауылында Елбасы Н.Назарбаевтың «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Қазақстан халқына Жолдауын талқылауға арналған Ақтөбе облысы Қазақстан халқы Ассамблеясының ұйымдастыруымен дөңгелек үстел өтті.

Дөңгелек үстел барысында Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университетінің әлеуметтік-саяси пәндер кафедрасының меңгерушісі, ҚХА жанындағы ғылыми-сараптамалық тобының төрағасының орынбасары Ү.Сәрсембин «Жаһандық бәсекеге жаңаша көзқарас» тақырыбында баяндама жасады. Ол өз сөзінде Жолдаудың «Адами капитал сапасын жақсарту» деп аталатын  төртінші басымдылығына ерекше тоқталды. Инновациялық экономика мен шикізаттық емес секторды құрудың негізгі тетігі жоғары білікті кадрлар, сондықтан да Елбасы білім беру жүйесі өзгеруі тиіс деп түйіндей келе, үш тілді оқытуға көшу керектігін оның басты қажеттілігіне тоқталды.

«Қоғамдық келісім» КММ-нің маманы Т.Сапаров «Қазақстандық бірегейлік – Қазақстандық жаңғырудың кепілі» тақырыбындағы ой бөлісті. Елбасының жолдауды жүзеге асырудың басты жолы халық бірлігінде деп атап көрсетуі арқылы қазақстандықтарды ұйымшылдыққа елдің ертеңі үшін бірігіп қызмет етуге үндеудің мәні мен маңызына тоқталды.

Ақтөбе облысы ҚХА жанныдағы медиация орталығының жұмысын жүргізіп отырған маман К.Каусова Медиация қызметінің ерекшеліктеріне талдау жасады.

«Қоғамдық келісім» КММ-нің басшыс Г.Шерниязова Ш.Қалдаяқов ауылындағы Пацаев орта мектебінде облыстық Қазақстан халқы ассамблеясының қызметіне тоқталып, мектеп директоры Б.Тукменалинаға мектеп кітапханасына кітаптар мен Қазақстан халқы Ассамблеясының туын естелік ретінде табыс етті.

Іс-шара соңында ауыл тұрғындарына  «Шатлык» татар-башқұрт, «Славян» және «Возрождение» неміс этномәдени бірлестіктерінің шығармашылық ұжымдарының кішігірім концерттік бағдарламасы ұсынылды.

Кейін қарай