
19 Маусым, 2019
2863
Ш. Нурумов: «Рухани жаңғыру» бағдарламасы бойынша тарихымызды зерделей түсуіміз керек
Қазақстан халқы Ассамблеясының ҚР Парламенті Мәжілісіндегі депутаттық тобының отырысында Шаймерден Нурумов сөз сөйледі.
Ол Қазақстан Республикасының Президенті Қ.К. Тоқаевтың ант беру рәсімінде ел болашағын жаңғырту, халықтың хал-ахуалын жақсарту, ел қауіпсіздігін нығайту жөнінде айтқандарына тоқталды.
«Алдымызда тұрған үлкен жұмыстардың бірі – ол мемлекетімізде тұрақт
ылықты сақтау, ауызбіршілікті, этносаралық ынтымақты одан әрі күшейту», – деді Ш. Нурумов.
Сонымен қатар депутат егемендік алғаннан бері Елбасы Н.
Назарбаевтың дана саясатынның арқасында Қазақстанда тұрып жатқан ұлттар тату өмір сүріп отырғанын атап айтты.Әлемде бес мыңға тарта этнос өмір сүріп жатыр. Олардың ішінде тек екі жүзге жуығында ғана өзінің дербес мемлекеті бар. Демек қалғанында өзінің тұрақты мемлекеті жоқ деген сөз.«Тәуелсіздік алған жылдарда ТМД-ғы кейбір елдер сияқты Қазақстанда әрқилы қақтығыстар болған жоқ. Бұл тұрғыда Қазақстан халқы Ассамблеясының рөлі зор. Елбасы бірлігіміздің нығаюына көп күш жұмсады. Президент Қ. Тоқаев та өзінің ант беру рәсімінде осы саясаттың қалыпты болуына ықпал ететінін білдірді. Ендігі алдымызға қойылған міндеттерді жүзеге асыру үшін бізге қажеті – еліміздегі тыныштық пен бірлік, достық пен ынтымақ, этносаралық бауырмалдық. Отанымыздағы ауызбіршілікті көзіміздің қарашығындай сақтауымыз керек», – деді депутат.
Сөз соңында ол сырттан келетін арандатушылыққа жол бермеу үшін Қазақстандық патриотизмді нығайту керектігін айтты.«Бізге берген бақыттың қадірін біле отырып, «Рухани жаңғыру» бағдарламасы бойынша тарихымызды зерделей түсуіміз керек. Нұрсұлтан Әбішұлының салиқалы саясатының арқасында бүгінде Қазақстан әлемге әйгілі», – деп атап өтті Ш. Нурумов.
Нұргүл ШАТЕКОВА
Материалды көшіріп жариялау үшін редакцияның немесе автордың жазбаша, ауызша рұқсаты қажет және Қазақстан халқы Ассамблеясы порталына гиперсілтеме берілуі тиіс. Авторлық құқық сақталмаған жағдайда ҚР Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы заңымен қорғалады. Авторизация бойынша ank_portal@assembly.kz мекен-жайына хабарласыңыз.
Ұқсас жаңалықтар
-
ҚХА мен әл-Фараби ат. ҚазҰУ арасында меморандумға қол қойылды
-
ҚХА 30 жыл: бірлік, келісім және қоғамға қызмет
-
Алматыда Қазақстан халқы Ассамблеясы Аналар кеңесінің республикалық форумы өтті
-
Марат Әзілханов «Қазақстан ұйғырларының республикалық этномәдени орталығы» ҚБ төрағасы Д.Әлиевпен кездесті
-
Марат Әзілханов Алматы қ. ҚХА төрағасының орынбасары В. Лукашевпен кездесу өткізді
-
ҚХА Төрағасының орынбасары Марат Әзілханов Али Балоевпен кездесу өткізді
10 Қыркүйек, 17:29
Сергей Пономарев Қазақстанның орыс, славян және казак ұйымдары қауымдастығының басшысы болып сайланды
8 Қыркүйек, 11:32
«Бірлік» халықаралық жастар лагерінің соңғы күні
9 Қыркүйек, 09:14
Алматы облысы Ұйғыр ауданында аудандық Қазақстан халқы Ассамблеясы құрылды
11 Қыркүйек, 22:01
Марат Әзілханов Жамбыл облысының «Масанчи жастары» қоғамдық бірлестігінің белсендісі З.Лировпен кездесті
12 Қыркүйек, 15:55
Алматыда Қазақстан халқы Ассамблеясы Аналар кеңесінің республикалық форумы өтті
Ұқсас жаңалықтар
-
ҚХА мен әл-Фараби ат. ҚазҰУ арасында меморандумға қол қойылды
-
ҚХА 30 жыл: бірлік, келісім және қоғамға қызмет
-
Алматыда Қазақстан халқы Ассамблеясы Аналар кеңесінің республикалық форумы өтті
-
Марат Әзілханов «Қазақстан ұйғырларының республикалық этномәдени орталығы» ҚБ төрағасы Д.Әлиевпен кездесті
-
Марат Әзілханов Алматы қ. ҚХА төрағасының орынбасары В. Лукашевпен кездесу өткізді
-
ҚХА Төрағасының орынбасары Марат Әзілханов Али Балоевпен кездесу өткізді