17 Наурыз, 2020
2973
ШҚО: Ақ жаулықты әжелердің қолөнерден шеберлік сыныптары
Өскемендегі Достық үйі-Қоғамдық келісім орталығы жанындағы «Ақниет» вокалдық ансамблінің ақ жаулықты әжелері қазақтың қолөнерін дәріптеуде.
Қазақ қолөнерінің қарапайым да қайталанбас түрі – қиыстырып құрақ қию, одан көздің жауын алатындай бағалы бұйымдар жасауға болады. Осы орайда ансамбль аптасына бір рет бас қосып, құрақ көрпе тігуді қолға алды. Мақсаты - өскелең ұрпаққа ұмытылып бара жатқан қазақтың дәстүрлерін дәріптеп, жастарды қолөнерге баулу.
Қарасаң - көздің жауын алатын, тұтынсаң - қажетіңді өтейтін бұйымдардың бірі – құрақ көрпе.Сондықтан қазақылықтың қаймағы бұзылмаған «Ақниеттің» әжелері құрақ көрпе тігудің әдіс-тәсілдерін, оның түрлерін кейінгі ұрпаққа насихаттауды мақсат тұтқан.
«Құрақ көрпе – отбасындағы береке-бірліктің белгісі», - дейді атам қазақ. Құрақ көрпенің мән-мағынасы тереңде жатыр. Жаңадан отау тігіп, үй болып жатқан жастарға құрақ көрпе қыз жасауымен бірге келеді. Өйткені, құрақ көрпе қиық матадан біріктіріліп тігілетіндіктен үй болып жатқан жастарға бір басы екеу, екі басы үшеу болып, бір-бірін жеткізіп кетсін деген мағынада тігіледі. Бұл да бір біздің ерекше көңіл бөлетін салт-дәстүріміз, - дейді ансамбль жетекшісі Гүлшат Смағұлова.
Қолөнер бойға шабыт беріп, көңілге шаттық ұялатады. Адамды іскерлікке, икемділікке, дәлдікке баулиды. Зеректік пен ептілікке тәрбиелейді. Сан алуан түсті маталарды қиыстырып, қиықтарды үйлестіріп, құрақ көрпе жасап, тысын тігетін ісмер әжелер қатары көбейіп келе жатқаны қуантады.
Ұқсас жаңалықтар
-
Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Астана күнімен құттықтауы
-
Астанада «Қазақстан мен Беларусь: достық әуендері» атты Беларусь мәдениетінің фестивалі өтті
-
ҚХА Хатшылығында жұмыс отырысы: Солтүстік Қазақстан облысы
-
Қазақстан халқы Ассамблеясы Аналар кеңесінің ZOOM форматында жұмыс отырысы өтті
-
Астанада БАҚ қызметкерлері күні қарсаңында ҚХА салтанатты отырысы өтті
-
Алматы қаласында V Республикалық Ақсақалдар кеңесінің форумы өтті
2 Шілде, 15:38
Астанада «Қазақстан мен Беларусь: достық әуендері» атты Беларусь мәдениетінің фестивалі өтті
4 Шілде, 18:04
ҚХА Ведомствоаралық ғылыми-сараптамалық құрылымының алғашқы отырысы өтті
4 Шілде, 14:19
«Ассамблея жастары» делегациясы Өзбекстандағы халықаралық іс-шараларға қатысты
6 Шілде, 11:50
Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Астана күнімен құттықтауы
6 Шілде, 09:06
Мемлекет басшысы Ұлттық домбыра күнімен құттықтады