Қазақстан халқы Ассамблеясы

16 Наурыз, 2020

996

ШҚО: Қазақстан халқының әдеби-көркем шығармашылық көрмесі

Қазақстан халқы Ассамблеясының 25 жылдығы аясында А. Волков атындағы Шығыс Қазақстан облыстық балалар әдебиеті мұражайындағы «Изумрудный город» қоғамдық қорында «Қазақстан халқының әдеби-көркем шығармашылығы» атты көрмесі жұмыс істейді.

Көрмеге облыстық Достық үйінің этномәдени бірлестіктері туралы кітаптар, альбомдар, полиграфиялық өнімдер, сондай-ақ бейнелеу және сәндік-қолданбалы өнер туындылары қойылды. Іс-шараның мақсаты - Қазақстан халқының этникалық келісімін нығайту.

Алғыс айту күніне орай көрме Александр Волков шығармалары аудармаларының мұқабаларынан жасалған коллаждармен толықты. Олар неміс, украин, поляк, белорус, вьетнам және басқа да тілдерге аударылған.

Бұл жұмыстардың авторлары – Қ. Нұрғалиев атындағы колледждің «Дизайн» бөлімінің III курс студенттері Яна Куркина, Ирина Логинова мен Илья Петров. Жас дизайнерлер мұражайдан тәжірибе өту барысында көрме жұмысына қызығушылық танытып, «Изумрудики» атты балаларға арналған жинақты дайындауға да көмектескен. Жинаққа А. Волковтың ертегілері желісінде жазылған ШҚО оқушыларының көркем шығамалары енеді.

Жастар сонымен қоса, «Изумрудный город» қоғамдық қорының еріктілер қатарын толықтырды. Олар өз кезегінде Шығыс Қазақстанның мәдени мұрасын насихаттауға үлес қосып, Еріктілер жылын қолдауға ниет білдірді.

Кейін қарай