Қазақстан халқы Ассамблеясы

03 Наурыз, 2020

2229

ШҚО: Қазақстандағы ең алғашқы Достық үйінің ғимаратына мемориалдық тақта орнатылды

Көктемнің алғашқы күні мемлекеттік маңызы бар айтулы күн болып табылады – қазақстандықтар Алғыс айту күнін атап өтеді. Сонымен қатар, 1-наурызда Қазақстан халқы Ассамблеясы құрылып, биыл 25 жылдық мерейтойы атап өтілуде.


Осыған орай, Өскеменде Қазақстандағы алғашқы Достық үйі ғимаратына мемориалдық тақта орнатылып, оның салтанатты ашылу рәсімі өтті.


Іс-шараға этномәдени бірлестіктер, құрметті азаматтар мен қоғам қайраткерлері, мемлекеттік қызметкерлер қатысты. Салтанатты жиында Республика бойынша ашылған алғашқы Достық үйінің тарихы баяндалып, естеліктер айтылды.


«Мен үшін осы айтулы іс-шараға қатысу маңызды. Себебі, 1997 жылы Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев біздің қаламызда алғашқы Достық үйін ашқанына куә болдым. Жалпыұлттық Алғыс айту мерекесінде мемориалдық тақтаның ашылу салтанатының өтуі – мағынасы терең оқиға. Бұл ұлттар арасындағы басты құндылықтар – мейірімділік, достық, қайырымдылық, бірлік пен келісімді бейнелейтін басты нышан», - деді Өскемен қаласының құрметті азаматы Лео Шик.


Мемориалдық тақтаны салтанатты түрде Өскемен қаласы Ақсақалдар кеңесінің төрағасы Сайлаухан Аухадиев пен Шығыс Қазақстан облысы шешен және ингуш халықтарының «Вайнах» қауымдастығы» қоғамдық бірлестігінің төрайымы Татьяна Кагерманова ашты.


Кейін қарай