Қазақстан халқы Ассамблеясы

27 Қараша, 2023

135

ШҚО-да «Ассамблея – жастардың көзқарасы» атты Қазақстан халқы Ассамблеясының 29-ші сессиясы өтті

Риддерде «Ассамблея – жастардың көзқарасы» атты ШҚО Қазақстан халқы Ассамблеясының 29-ші сессиясы өтті.

Ассамблея мемлекет негіздерін нығайтудың басты институттарының бірі ретінде мемлекет пен азаматтық қоғам арасындағы диалог бойынша әрдайым белсенді жұмыс жүргізіп келді.

Шығыс Қазақстанда 72 этномәдени бірлестік, 124 Ақсақалдар кеңесі, 115 Аналар кеңесі, ғылыми-сараптамалық топ, шығармашылық және жастар ұжымдары жұмыс істейді.

Жастар Ассамблеясы мемлекеттік тілді үйрену, тарихи-мәдени мұраны сақтау, қоршаған ортаны қорғау, медиа-жобаларды дамыту сияқты бағыттарда дамуда.

Жастар бастамаларын қолдау үшін облыстық Достық үйінде Коворкинг орталығы ашылды.

«Ассамблея жастары» өзіндік әлеуметтік лифтідегі жастар үшін «бастау алаңы» болуы мүмкін.

Биыл алғаш рет облыстық Достық үйінің базасында балалар мен жастар театры ашылды.

«Ассамблея - еліміздің саяси жүйесінің маңызды элементі. Ол бірлік пен келісімді нығайтуға зор үлес қосып, түрлі мәдениеттердің бірлесіп өмір сүруі және өзара әрекеттестігі қағидаларын табысты жүзеге асыруда», - деді Шығыс Қазақстан облысының әкімі Ермек Көшербаев өз сөзінде.


Өңір басшысы қоғамдық ортада сенімсіздік ахуалын қалыптастыруға, адамдар арасындағы алауыздықты қоздыруға бағытталған бұрмалаушылық жағдайларының, жалған және деструктивті жарияланымдардың айтарлықтай көбеюіне тоқтала келе: «Осындай үрдістерді ескере отырып, қылмыстық немесе тұрмыстық сипаттағы кез келген оқиға этносаралық зұлымдықты өршітіп, ауыр зардаптарға әкеп соғуы мүмкін және біз елдегі бірлік пен келісімді бұзуға бағытталған кез келген арандатушылықтың жолын батыл кесуіміз керек, - деді.

«Жастармен жұмыс Ассамблеяның, оның қоғамдық институттары мен Достық үйлерінің қызметінің басты міндеті болуы тиіс.

Бізге жастарымызды отаншылдыққа, руханилыққа, төзімділік пен мәдениеттілікке тәрбиелеу ісінде бірлескен күш-жігер жұмсау қажет. Жастар Ассамблеясы ҮЕҰ-мен бірлесіп халықтың құқықтық сауаттылығын арттыруға назар аударуы тиіс. Біздің мәдениетіміздің алуан түрлілігі, полиэтникалық қоғамымыздың бірегейлігі көрсетілетін ақпаратты тарату маңызды», - деді Ермек Көшербаев.

Көпмәдениетті ортаны дамыту және барлық азаматтардың мемлекеттік тілді меңгеруі үшін жүйелі қадамдар жасау қажет.

Ассамблея құрылымдары - Достық үйлері, «Возрождение» тіл мектебі және лингвистикалық кабинеттер арқылы мемлекеттік тілді ілгерілету бойынша күш-жігерді арттыру маңызды.

«Абай, Шәкәрім, Мағжанның тілін білу - ардақты іс. Мемлекеттік тілді үйренуге ешқашан кеш емес. Қазақ тілі - біздің достығымыздың айнасы», - деп есептейді Риддер қаласының «Қазақ тілі қоғамы» қоғамдық бірлестігінің белсендісі Ирина Хрущева.

«Тарихи тамырымызды, тілімізді және мәдени дәстүрлерімізді сақтау тек тұрақты және берекелі Қазақстанда ғана мүмкін. «Саусақ бірікпей, ине ілікпейді» деген қазақ мақалы бар - саусақтарыңды біріктірмей, инені ұстай алмайсың. Мен еліміздің барлық этностарын бірлікке, Жаңа Қазақстанды құруда бірлесіп жұмыс істеуге шақырамын», - деді Риддер қаласындағы орыс этномәдени бірлестігінің төрағасы Вера Правдина.

«Өрт сөндіруші мамандығы - әлемдегі ең күрделі мамандықтардың бірі. Әр сәт сайын біз басқа біреудің өмірін сақтап қалу үшін өз өмірімізге қауіп төндіруге дайынбыз. Бұл сәтте біз ұлт, жыныс, дін туралы ойламаймыз. Біз этникааралық төтенше жағдайларға жол бермеуіміз керек», - деп атап өтті Риддер қаласының өрт сөндіру бөлімінің қызметкері Ринат Хайрутдинов.

Облыс әкімі мәдениет және тілдерді дамыту басқармасына қала және аудан әкімдерімен бірлесіп Достық үйлері базасында қазақ тілінің «Кел, сөйлесейік» сөйлесу клубтарын ашуды, оларды қажетті материалдық-техникалық жабдықтармен қамтамасыз етуді тапсырды.

Әкімдіктер өз қызметінде Ассамблея сарапшыларының әлеуетін кеңінен пайдалануы, әлеуметтік және ғылыми зерттеулерге ерекше назар аударуы және жарты жылда кемінде бір рет ҚХА өкілдерімен кездесулер өткізуі тиіс.


Белсенді азаматтық ұстанымы, Шығыс Қазақстан облысында мемлекеттік этносаясатты іске асыруға, этносаралық бейбітшілік пен келісімді сақтауға қосқан үлесі үшін Шығыс Қазақстан облысы әкімінің Алғыс хатымен марапатталғандар:

1.​АЙДЫНОВА Назерке Айдынқызы, ШҚО ҚХА жастар театрының жетекшісі, Өскемен қаласы;

2. АХМЕДЗЯНОВ Руфит Наильевич, «Ассамблея жастары» ҚБ жастар менторы, Өскемен қаласы;

3. КОЛМАКОВ Владислав Валерьевич, «Ассамблея жастары» ҚБ белсендісі, Өскемен қаласы;

4.​БАЙБАГЫСОВА Шарифа Сайпышовна, Катонқарағай ауданының «Дуслык» татар этномәдени бірлестігінің жетекшісі;

5. КУЧЕРЕНКО Марина Михайловна, Глубокое ауданының украин этномәдени бірлестігінің жетекшісі;

6. УСМАЕВ Асвад Рамзанович, Ұлан ауданының «Вайнах» шешен этномәдени бірлестігінің төрағасы;

7. НОГУРБЕКОВА Фаузия Оразаевна, «Қазақ тілі» қоғамының және Дударай» ансамблінің жетекшісі, Риддер қаласы.




Кейін қарай