29 Мамыр, 2020
1787
ШҚО: Қуғын-сүргін құрбандарын еске алуға арналған дөңгелек үстел өтті
Өткен ғасырдағы халқымыздың бастан кешкен оқиғаларының тарихын терең біліп, сналаы түрде түсінуіміз керек. Қуғын-сүргінге ұшырап, күшпен жер аударылғандардың қатарында қазақтар ғана емес, 1,5 миллион өзге де ұлт өкілдері болды. Қазақ халқы жеріне келген басқа ұлт пен ұлыстарға мейірімділік танытып, көмек қолын соза білді. Соның арқасында жер аударылған миллиондаған жанның үміт оты қайта жанды.
Осыған орай, Достық үйі – Қоғамдық келісім орталығында саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күніне арналған онлайн дөңгелек үстелі өткізілді. Қуғын-сүргін құрбандарын еске алуға арналған дөңгелек үстелге ҚХА қоғамдық институттарының, ШҚО этномәдени бірлестіктерінің және С.Аманжолов атындағы ШҚМУ Қазақстан тарихы кафедрасының өкілдері қатысты.
Достық үйі – Қоғамдық келісім орталығы директорының орынбасары, модератор Равиль Юнусов өз сөзінде тарихи күнді ұмытпай, ата-бабаларымызға әрдайым тағзым ету керегін айтты. Сонымен қатар, саяси қуғын-сүргінге дейінгі және одан кейінгі таризх турасында Алдияр Ақылбекұлы мен Хамзат Хасанұлы әңгімеледі.
Дөңгелек үстелді қорытындылау барысында «Видергебурт» Шығыс Қазақстан неміс мәдени орталығының белсендісі Лидия Генриховна «Қуғын-сүргін жылдарындағы неміс отбасыларының қалыптасу» тақырыбында сөз сөйледі. Сол сияқты, тікелей эфирге Бесқарағай ауданы, неміс этномәдени бірлестігінің төрағасы Зигле Надежда Валентиновна қосылып, қуғын-сүргінге ұшыраған әкесі жайлы естеліктерімен бөлісті.
Ұқсас жаңалықтар
-
Көкшетауда Журналистер клубының кезекті отырысы өтті
-
Астанада БАҚ қызметкерлері күні қарсаңында ҚХА салтанатты отырысы өтті
-
«Жаңа толқын – Өзгерістер энергиясы» атты ҚХА жастар форумы өтті
-
Қызылордада «TWO STARS» атты ерекше ән-шоу байқауы өтті
-
Алматы қаласында V Республикалық Ақсақалдар кеңесінің форумы өтті
-
Алматыда ҚХА Аналар кеңесінің төрағаларына арналған тренингтер аяқталды
24 Маусым, 17:05
Астанада БАҚ қызметкерлері күні қарсаңында ҚХА салтанатты отырысы өтті
25 Маусым, 18:05
ҚХА Хатшылығында жұмыс отырысы: Жетісу облысы
21 Маусым, 14:48
«Жаңа толқын – Өзгерістер энергиясы» атты ҚХА жастар форумы өтті
вчера, 16:01