06 Ақпан, 2020
1985
Шамалғанда ҚХА-ның «Тұңғыш Президент жолымен» халық экспедициясы» жобасы салтанатты басталады
7 ақпанда сағат 11.00-де Алматы облысының Қарасай ауданы Шамалған станциясында («Үшқоңыр» спорт кешенінде) Қазақстан халқы Ассамблеясының «Тұңғыш Президент жолымен» халық экспедициясы» жобасының салтанатты бастау алуы өтеді.
Іс-шараға ҚХА Төрағасының орынбасары Жансейіт Түймебаев, Алматы облысының әкімі Амандыкқ Баталов, ҚР Парламенті Мәжілісі Төрағасының орынбасары Владимир Божко, ҚР Парламенті депутаттары, ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасының құрдастары мен қатарластары, қоғам қайраткерлері, зиялы қауым өкілдері, Жоғары оқу орындарының ректорлары, ҚХА мүшелері, этномәдени бірлестіктердің жетекшілері, жастар және т.б. қатысады деп күтілуде.
«Тұңғыш Президент жолымен» халық экспедициясы» ҚХА 25 жылдығына арналған басты жобалардың бірі, ол Елбасының тәуелсіз Қазақстанды қалыптастыру мен дамытуға қосқан зор үлесін қоғам санасына бекітуге бағытталған.
Іс-шара барысында Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасына арналған «Атамекен» тарихи-мәдени орталығына, «Анаға құрмет» мұражайына, «Батыр бабалар» мемориалды кешеніне (Қарасай ауданы, с.Қырғауылды) бару ұйымдастырылып, «Бірлік пен келісім сабақтары» өтеді.
Жобаның бастау алуы Тұңғыш Президент – Елбасы, Қазақстан халқы Ассамблеясының Төрағасы Н. Назарбаевтың қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірліктің қазақстандық үлгісін дамыту және нығайту бойынша ақпараттық-насихаттық қоғамдық-саяси, ғылыми-ағартушылық, мәдени-бұқаралық іс-шаралар циклін ашады.
Ұқсас жаңалықтар
-
Астанада «Қазақстан мен Беларусь: достық әуендері» атты Беларусь мәдениетінің фестивалі өтті
-
ҚХА Хатшылығында жұмыс отырысы: Солтүстік Қазақстан облысы
-
Көкшетауда Журналистер клубының кезекті отырысы өтті
-
Қазақстан халқы Ассамблеясы Аналар кеңесінің ZOOM форматында жұмыс отырысы өтті
-
ҚХА медиасаласын дамыту мәселелері бойынша жұмыс кездесуі өтті
-
ҚХА Хатшылығында жұмыс отырысы: Жетісу облысы
27 Маусым, 16:01
Көкшетауда Журналистер клубының кезекті отырысы өтті
30 Маусым, 16:36
ҚХА Хатшылығында жұмыс отырысы: Солтүстік Қазақстан облысы
27 Маусым, 14:52
Қазақстан халқы Ассамблеясы Аналар кеңесінің ZOOM форматында жұмыс отырысы өтті
27 Маусым, 14:47
ҚХА медиасаласын дамыту мәселелері бойынша жұмыс кездесуі өтті
2 Шілде, 15:38