Қазақстан халқы Ассамблеясы

07 Ақпан, 2020

3633

Шамалғанда «Тұңғыш Президент жолымен» халықтық экспедициясы» жобасы

Бүгін Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары Жансейіт Түймебаев Алматыда «Тұңғыш Президент жолымен» халықтық экспедицияның» басталғандығын мәлімдеді. Естеріңізге сала кетейік, өткен жылы «1 желтоқсан – Тұңғыш Президент күні» қарсаңында Жансейіт Қансейітұлы «Тұңғыш Президент жолымен» халықтық экспедициясы» жобасын жариялап, оның символы ретінде экспедиция күнделігі мен туын Алматы облысының әкімі А.Батталовқа тапсырған болатын.


Халықтық экспедиция жобасының салтанаты Елбасының туған жері Алматы облысының Қарасай ауданы Шамалған станциясынан бастау алды.


Аталмыш шараға ҚХА Төрағасының орынбасары Ж.Түймебаев, Алматы облысының әкімі А.Баталов, ҚР Парламенті Мәжілісі Төрағасының орынбасары В.Божко, ҚР Парламенті депутаттары, ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасының құрдастары мен қатарластары, қоғам қайраткерлері, зиялы қауым өкілдері қатысуда.

Шараға қатысушылар Елбасына арналған «Атамекен» тарихи-мәдени орталығымен, «Анаға құрмет» мұражайымен, «Батыр бабалар» мемориалды кешенімен танысып, «Бірлік пен келісім» тақырыбында талқылаулар, дәрістер өткізеді.

Биыл Қазақстанның Тұңғыш Президенті – Елбасының бастамасымен дүниеге келген әлемде баламасы жоқ азаматтық қоғамдық институт Ассамблеяның құрылғанына 25 жыл. «Тұңғыш Президент жолымен» халықтық экспедиция» осы мерейтой аясында жүзеге асырылатын басты жобалардың бірі.

Халықтық экспедиция Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың өмір жолындағы маңыздылығы жоғары кезеңдер мен жол тармақтарын қамтиды. Және ол үш бағыт бойынша жүзеге асырылады.

Басты маршрут бүгін Шамалған ауылынан басталды. Бұл мекенде Елбасы дүниеге келіп, тұлға ретінде қалыптасты, оның алғашқы армандары мен үміттері осы жерде от алды.


Одан кейін халықтық экспедиция Елбасының алғашқы еңбек жолы басталған Теміртау, Қарағанды қалаларына бет алады.

Халықтық экспедицияның тағы бір бөлігі Украинаның Каменск қаласына барады. Бұл қаламен Елбасының көптеген жарқын естеліктері байланысты.

Екінші бағыт республикамыздың барлық облысын қамтым өтеді.

Үшінші бағыт – халықаралық бағыт. Экспедиция Елбасы білім алған Украинаның бұрынғы Днепродержинск, қазіргі Каменское қаласынан бастап, ары қарай Қазақстанның тұңғыш Президенті Тәуелсіз мемлекетіміздің даму жолында келіссөздер жүргізген, келелі кеңестерге қатысып, сөз сөйлеген, өзекті мәселелер көтерген шетелдерді қамтитын болады.

«Тұңғыш Президент жолымен» халықтық экспедиция» өңірлік және халықаралық бағыттарды аралап, Елбасы туралы тың деректер мен естеліктер жинайды. Және шілде айында экспедицияның қорытындысы ретінде Нұрсұлтан қаласында халықаралық конференция ұйымдастырылады.

Кейін қарай