26 Маусым, 2015
794
Шекаралас аймақтардың ынтымақтастығы
Осы аптаның басынан бастап екі күн бойы Орынбор қаласындағы Н.К.Крупская атыңдағы облыстық әмбебап-ғылыми кітапханада Ресей-Қазақстан шекаралас аймақтарының мәдени аралық қарым-қатынастары мәселелері жөніндегі бірінші Еуразиялық симпозиум өтті.

Орынбор облысы халықтары ассамблеясының президенті, Оңтүстік Орал тарих және этнография ғылыми-зерттеу институтының директоры, тарих ғылымдарының докторы Веналий Амелин симпозиумды қысқаша сөз сөйлеп ашты.
Орынбор облысы делегациясы атынан вице-губернатор Дмитрий Кулагин, Ақтөбе облысы Қазақстан халқы Ассамблеясы секретариатының меңгерушісі Жолдас Нұршин құттықтады.
Симпозиумның алғашқы сессиясында Орынбор қазақтары қауымдастығының басшысы, Орынбор облысы халықтары ассамблеясы кеңесінің мүшесі Жәнібек Иткөзов ұлттық қоғамдық бірлестіктердің ынтымақтастығы, этностар мәдениеті мен ана тілдерін сақтаудағы жұмыстары туралы әңгімеледі.
Симпозиумға Ақтөбенің Қ.Жұбанов атындағы өңірлік мемлекеттік университетінің бір топ ғалымдары қатысты. Басқосу барысында аталған жоғары оқу орнының әлеуметтік-саяси пәндер кафедрасының аға оқытушылары, философия ғылымдарының кандидаттары Есбол Мұханбетқалиев, Дмитрий Мацюк Орынбор, Ақтөбе мысалында этностық құндылықтар хақында сөз өрбітті.
Симпозиумның екінші сессиясында орынборлық оқымыстылармен бірге, ақтөбелік ғалымдар Гүлжан Өтелбаева, Виктория Исламғалиева, Жібек Бегімбаева, Балжан Дәулетярова, Айнұр Болысбаева ежелгі көршілік қарым-қатынастар, тіл мен дәстүрлердің дамуы туралы өз ойлары мен пайымдауларын ұсынды.
Симпозиум соңында оған қатысушылар еркін пікір алысты.
Аманқос Орынғалиұлы
«Ақтөбе» газеті 26 маусым 2015 жыл №80-81
Ұқсас жаңалықтар
-
Қазақстан Республикасы - Еуропа Кеңесі: жастар ынтымақтастығы тақырыбында кездесу өтті
-
Орал халықтары Ассамблеясы Кеңесі мен Ақмола облыстық ҚХА ынтымақтастық туралы келісті
-
Қостанай мен Челябі облыстарының Достық үйлері көп жылғы ынтымақтастықтарын құжатпен бекітті
-
Өскеменде Қазақстан мен Ресей ғалымдары этнодемографиялық үрдістерді талқылады
-
Қостанайда ауқымды экологиялық челлендж өтеді
-
Петропавлда қала күніне орай халықаралық этнофольклорлық фестиваль өтті
8 Тамыз, 11:56
«Құрмет пен төзімділік қоғамды бейбітшілікке, келісім мен дамуға апаратын жол. Өзара құрмет құндылықтары»
7 Тамыз, 22:49
ПАВЛОДАРДА ЖҰМЫСШЫ МАМАНДЫҚТАР ЖЫЛЫН ҚОЛДАУ АЯСЫНДА ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫ АССАМБЛЕЯСЫНЫҢ ҚОҒАМДЫҚ БАСТАМАЛАРЫН ДАМЫТУ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ
7 Тамыз, 12:22
Жұмысшы мамандықтар жылы аясында ҚХА өкілдері Ұлытаудағы жаңа өндіріс орнына барды
7 Тамыз, 12:15
ҚХА мүшелері өрттен зардап шеккен отбасыға көмек көрсетті