29 Тамыз, 2015
897
«ШЕКАРАСЫЗ ӘН» ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ФЕСТИВАЛІ
2015 жылғы 29 тамызда сағат 16.00 Астана қ. Бейбітшілік және Келісім сарайында Қазақстан халқы Ассамблеясы жылы аясында ҚР Конституциясының 20 жылдығына арналған «Шекарасыз ән» халықаралық фестивалінің Гала-концерті өтті.

«Шекарасыз ән» халықаралық фестивалін өткізу идеясы Қазақстан халқы Ассамблеясының мерейтойлық ХХ-сессиясында Елбасының ұсынысымен қабылданды.
Фестиваль мақсаты – этномәдени бірлестіктерді біріктіру, Қазақстандағы этностардың мәдениеті, тілі мен дәстүрін жандандыру, сақтау және дамыту.
Гала-концертке «Белес» (Қазақстан) этно-фольклорлық тобы, Константин Коновалов (Ресей), халықаралық байқаулардың лауреаты Поргев Хачатрян (Армения), Назбек Кенчебаев (Қырғызстан), Елена Воронцова (Белорусь), этномәдени бірлестіктердің шығармашылық топтары қатысты.
Аталмыш іс-шара фестивальға қатысушыларды марапаттау рәсімінен басталды. ҚР Мәдениет және спорт министрлігі вице-министрі –Әзілханов Марат Алмасұлы мен ҚР Президент Әкімшілігінің ҚХА Хатшылығы сектор меңгерушісі–Шанаи Назипа Ыдырысқызы барша жиналған қауымды ҚР Конституциясы мен ҚХА 20-жылдықтары, Қазақ хандығының 550- жылдығы секілді елеулі мерейтойлармен құттықтап, фестиваль қатысушыларына мақтау қағаздары мен бағалы сыйлықтарды табыстады. Өз сөзінде ҚР Президент Әкімшілігінің ҚХА Хатшылығы сектор меңгерушісі– Назипа Ыдырысқызы өнер тіл мен ұлтқа бөлінбейтінін, ол біріктіруші күш екенін айтты.
Сондай-ақ, іс-шараға Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшелері, ҚР мемлекеттік мекемелерінің өкілдері, Қазақстан, Ресей, Армения, Қырғызстан және Беларусь мемлекеттерінің мәдениет қайраткерлері, этномәдени бірлестіктер, жастар қауымы қатысты.
________________________
«Қоғамдық келісім» РММ Баспасөз қызметі:
тел.+7(7172) 74-12-15, 74-12-13,
+7707 705 12 11,
E-mail: info_rgy@mail.ru
Ұқсас жаңалықтар
-
«Ассамблея жастары» халықаралық ынтымақтастықты нығайтуда
-
ҚХА ЖАСТАРЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚТЫ ДАМЫТУҒА ҚУАТТЫ СЕРПІН БЕРУДЕ
-
Шығыс Қазақстан облысында «Бірлік» халықаралық жастар лагері өтті
-
Сыртқы істер министрлігінде «Ассамблея жастары» халықаралық жұмысы жөнінде жиын өтті
-
Қарағанды облысында корей мәдениетінің фестивалі өтті
-
Алматы облысында славян мәдениеті фестивалі өтті