07 Қазан, 2016
1607
Шешен-ингуш мәдениетінің фестивалі
Қазақстан – жүз отыздан астам ұлт өкілдері тұрып жатқан көп ұлтты мемлекет. Біздің әрқайсысымыз өз халқымыздың тарихын және салтын білуге тиіспіз. Сондай-ақ, қатар өмір сүріп жатқан халықтардың да салт-дәстүрлерін білуге және құрметтеуге тиіспіз. Мәдениет дегеніміз – халықтың немесе ұлттың тұрмыс-тіршілігін айқындайды, бұл ол жинақтайтын және сақтайтын ұлттың қасиеті.
Достық үйінің акт залында "Шешен-ингуш мәдениетінің фестивалі" болып өтті. Ахмед Дудаев іс-шараны өзінің шебер орындауындағы лезгинкамен ашты.
«Бұрында биде жігіт өзінң ептілігін көрсетуі тиіс болған. Бұрындары қызбен танысудың бір ғана тәсілі болған – би өткізіп, сонда жігіт қызға өзін таныстыра алған. Лезгинканың сан алуан түрлері бар. Біріншіден әр халықтың өзінікі, ал екіншіден билері әр басқа. Олар әуенімен және қимыл қарқынымен ерекшеленеді» - деді Ахмед.
Солтүстік Қазақстан облыстық Қазақстан халқы асамблеясы хатшылығының меңгерушісі Наиль Салимов жиналған халықты құттықтап, ассамблеяның дамуына "Вайнах" шешен-ингуш этномәдени бірлестігінің қосқан үлесін атап көрсетті, өкілдерін алғыс хаттармен марапаттады.
Жамбыл ауданының "Зама" вокалдық-би ансамблі де фестивальға келіп өздерінің ұлттық әндері және биімен қуантты. Ұлттық нақыштағы киім киген қыздар шешен қыздарына тән барлық сән-салтанатты көрсете білді.
Қонақтар өлең-жырлар, аңыздар тыңдап, сондай-ақ, Шешенстан жайлы фильм тамашалап шешен-ингуш халқы мәдениетімен жақынырақ танысты.
«Вайнах»шешен-ингуш этномәдени бірлестігінің төрағасы Муса Дадаев:
-Халқымыздың мәдениеті - шығыстікі. Басқа халықтардағыдай кейбір айырмашылықтары бар, жалпы алғанда дәстүрлеріміз бен мәдениетіміз бірдей.
Ассамблея этномәдени орталықтарының шығармашылық ұжымдары қонақтарға олардың мәдениетіне деген құрметі ретінде өздерінің концерттік нөмірлерін ұсынды. Фестиваль біздің Достық үйінің түрлі этнос достары бір дастархан басына жиналған, жайдары және жарқын жағдайда жалғасты.
«Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің аппараты» ММ
«Қоғамдық келісім» КММ баспасөз қызметі
Ұқсас жаңалықтар
-
ҚХА шығармашылық ұжымдарының республикалық фестивалі өтті
-
«Жан DoStar: бір аспан астында» VIII Республикалық өнер фестивалі өтті
-
Маңғыстау облысында ҚХА 30 жылдығы аясында шығармашылық ұжымдардың республикалық фестивалінің облыстық кезеңі өтті
-
ҚХА Төрағасының орынбасары «Вайнах» Қазақстан шешендері мен ингуштары қауымдастығы» ЗТБ тең төрағалары Ахмет Сейдарахманович Мурадов және Юсуп Хасанович Келиговпен кездесуі өтті
-
Қарағанды облысында корей мәдениетінің фестивалі өтті
-
Алматы облысында славян мәдениеті фестивалі өтті
24 Маусым, 17:05
Астанада БАҚ қызметкерлері күні қарсаңында ҚХА салтанатты отырысы өтті
25 Маусым, 18:05
ҚХА Хатшылығында жұмыс отырысы: Жетісу облысы
21 Маусым, 14:48
«Жаңа толқын – Өзгерістер энергиясы» атты ҚХА жастар форумы өтті
вчера, 16:01
Көкшетауда Журналистер клубының кезекті отырысы өтті