24 Ақпан, 2020
4164
Шешендер мен ингуштардың Қазақстанға жер аударылғандарына – 76 жыл
Қызылордада шешендер мен ингуштардың жер аударылуының 76 жылдығына арналған вайнах халқының қайғысы күнін еске алу шарасы болып өтті.
Оның барысында депортацияның қиын кезеңдері мен сол оқиғалардың куәгерлерін еске алу туралы баяндайтын деректі фильм көрсетілді.
Осы орайда, шешен этномәдени бірлестігінің ақсақалдары мен этномәдени бірлестіктердің өкілдері өз естеліктерімен бөлісті, қонақжай қазақ халқына көптеген жылы лебіздерін білдірді. Іс-шараның барлық қатысушыларына еске алу асы ұйымдастырылып, дұға оқылды.
Естеріңізге сала кетейік, шешендер мен ингуштардың Қазақстан мен Қырғызстанға жер аударылуы (Жасымық операциясы) 1944 жылдың 23 ақпаны мен 9 наурызы аралығында өтті. Оның барысында, әртүрлі есептеулер бойынша, 500-ден 650 мыңға дейін шешендер мен ингуштар туған жерлерінен көшірілді. Ақпан-наурыз және одан кейінгі алғашқы жылдары шамамен 100 мың шешен мен 23 мың ингуш көз жұмды, яғни екі халықтың төрттен бірі деген сөз.
Қазақстанға күнкөріс көзінсіз жер аударылған халықтар тек қазақ халқының бауырластық көмегінің арқасында өмір сүре алды. Өз ана тілдері мен мәдениетін сақтап қалды, осында өздері және ұрпақтары үшін екінші отанын тапты және қазіргі қазақстандық қоғамда өзіне лайықты орын тапты.
Жер аудару кезеңін басынан өткерген әр отбасының сол жылдардағы қиыншылықтар мен депрессияларды еңсерудің өзіндік тарихы, жергілікті халықтың өзара көмек және қолдау тарихы бар.
Ұқсас жаңалықтар
-
ҚХА республикалық этномәдени бірлестіктерімен өзара іс-қимылына жауапты ретінде С. Пономарёв тағайындалды
-
Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары ҚР Мемлекеттік рәміздері күнімен құттықтайды
-
Қазақстан халқы Ассамблеясының Франция Ұлттық жиналысының депутаты Бруно Фукспен кездесуі өтті
-
Алматыда Халықаралық балаларды қорғау күніне арналған «Қазақстан балалары» ұлттық акциясы өтті
-
Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары Балаларды қорғау күнімен құттықтады
-
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Балаларды қорғау күнімен құттықтады
16 Маусым, 23:30
ҚХА Хатшылығының жұмыс отырысы: Абай облысы
17 Маусым, 22:41
ҚХА жастар қанатының өкілдері Жастар құқықтары жөніндегі комиссия құрамына кірді
18 Маусым, 00:17
Алматы қаласындағы Республикалық Достық үйінде «Ана – ұлттың ұйыстырушысы» тәжірибеге бағытталған курсы басталды
16 Маусым, 00:02
ҚХА Хатшылығының жұмыс отырысы: Қызылорда облысы
20 Маусым, 15:06
Қызылордада «TWO STARS» атты ерекше ән-шоу байқауы өтті