
13 Ақпан, 2017
595
ШИХЭЦЗЫДЕН КЕЛГЕН СТУДЕНТТЕР ЖАҢА ЖЫЛДЫ ТОЙЛАДЫ
9 ақпан күні Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінің студенттері қытай күнтізбесі бойынша Жаңа жыл мерекесін тойлады. Қазақстан тарихы мен Қазақстан халқы Ассамблеясы кафедрасы ұйымдастырған іс-шараға Шихэцзы университетінің студенттері белсене қатысты.
Аспан асты елінен келген студенттерді дәстүрлі мерекемен тек бірге оқитын достары мен ЖОО ұстаздары ғана емес, сонымен бірге «Достық» қытай ұлттық-мәдени орталығының төрағасы Ян Дэ-Си де құттықтады.
Өз сөзінде облыстық орталықтың төрағасы Қазақстан мен Қытай арасындағы қарым-қатынастың тек экономикалық қана емес, сонымен бірге ағартушылық және туристік бағытта дамып жатқандығын тілге тиек етті.
Сонымен қатар жастарды дүниежүзі тарихы мен халықаралық қатынас кафедрасының меңгерушісі Бақытгүл Төлеуова және кафедра доценті Бибігүл Досова құттықтап, оларға оқуда озат болуды және әрбір бастаған істерінің жемісін көруді тіледі.
Өз кезегінде «Қоғамдық келісім» КММ бөлім жетекшісі Думан Малаев қытайдың Жаңа жылы Наурыз мерекесі сияқты көктемнің шығуын меңзейтінін айтып кетті.
Шихэцзы студенттері іс-шараның барлық сахналық көріністеріне белсене қатысты. Жастар қытай тілінде әндер айтып, өз университетінің әнұранын шырқады, сонымен бірге дәстүрлі билерін билеп, қытай Жаңа жылы тақырыбындағы ойындарға қатысты.
Іс-шара барысында ұйымдастырушылар Қытай жаңа жылының ерекшеліктерін айтып, ол мерекеге қатысты әдет-ғұрыптармен таныстырды. Мысалға, аспан асты елінің тұрғындары жаңа жылды отшашудан бастайды, себебі, аңыз бойынша, жын-шайтандар оттан қорыққан. Ал, мерекелік ай – шамдардың мейрамымен аяқталады, бұл күні үйлер мен көшелер қызыл шамдармен безендіріледі.
Ұйымдастырушылардың айтуынша, мұндай іс-шаралар біздің студенттерді өзге ұлттардың мәдениетімен таныстырса, шетелдік білім алушылар үшін өз еліне деген сағынышын басу әрі өз елінің салт-дәстүрлерімен бөлісудің мүмкіндігі болып табылады.
Ұқсас жаңалықтар
-
«Жаңа толқын – Өзгерістер энергиясы» атты ҚХА жастар форумы өтті
-
Ә.Қайырбек Гималай шыңында күй орындап, ҚХА 30 жылдығымен құттықтады
-
«Ассамблея жастары: Жаңа толқын, жасампаз буын»тақырыбында Қазақстан халқы Ассамблеясы III Республикалық жастар сессиясы өтті
-
ТҮРКІСТАН: ТӨЛЕБИДЕ ҚХА-НЫҢ 30 ЖЫЛДЫҒЫНА ОРАЙ ДҮБІРЛІ КӨКПАР ОЙЫНЫ ӨТТІ
-
«Қазақстан халқы Ассамблеясы: бірлік пен дамудың үш онжылдығы» халықаралық дөңгелек үстел өтті
-
Алматы қаласында республикалық Достық үйі ҚХА 30 жылдығына орай дөңгелек үстел өткізді
24 Маусым, 17:05
Астанада БАҚ қызметкерлері күні қарсаңында ҚХА салтанатты отырысы өтті
25 Маусым, 18:05
ҚХА Хатшылығында жұмыс отырысы: Жетісу облысы
27 Маусым, 16:01
Көкшетауда Журналистер клубының кезекті отырысы өтті
вчера, 16:36
ҚХА Хатшылығында жұмыс отырысы: Солтүстік Қазақстан облысы
27 Маусым, 14:52
Қазақстан халқы Ассамблеясы Аналар кеңесінің ZOOM форматында жұмыс отырысы өтті
Ұқсас жаңалықтар
-
«Жаңа толқын – Өзгерістер энергиясы» атты ҚХА жастар форумы өтті
-
Ә.Қайырбек Гималай шыңында күй орындап, ҚХА 30 жылдығымен құттықтады
-
«Ассамблея жастары: Жаңа толқын, жасампаз буын»тақырыбында Қазақстан халқы Ассамблеясы III Республикалық жастар сессиясы өтті
-
ТҮРКІСТАН: ТӨЛЕБИДЕ ҚХА-НЫҢ 30 ЖЫЛДЫҒЫНА ОРАЙ ДҮБІРЛІ КӨКПАР ОЙЫНЫ ӨТТІ
-
«Қазақстан халқы Ассамблеясы: бірлік пен дамудың үш онжылдығы» халықаралық дөңгелек үстел өтті
-
Алматы қаласында республикалық Достық үйі ҚХА 30 жылдығына орай дөңгелек үстел өткізді