Қазақстан халқы Ассамблеясы

12 Шілде, 2021

284

Шу қаласында «30 жыл бірлік пен келісімде» атты іс-шара өтті

Шу қаласындағы Махмұт Қашқари атындағы облыстық Ұйғыр этномәдени бірлестігі төрайымы Мухабат Абдрахманқызының жетекшілігімен Қазақстан Республикасының 30 жылдығы қарсаңында ұйғыр этносының арасында «30 жыл бірлік пен келісімде» атты іс-шара өтті7

Жиын барысында ұйғыр бірлестігінің жетекшісі Мухабат Тұрдыева облыста сіңірген еңбктері мен қоғамдық жұмыстарға белсене араласқаны үшін бірлестік мүшелеріне алғысхаттар мен мақтау қағаздар, ассамблея тарихы жөнінде кітаптар және түрлі сыйлықтар табыстады.

Бірлестік төрайымы аудандағы ұйғыр этносының сыйлы да құрметті 105 жастағы ақсақалына зор ілтипат көрсетіп, атаулы мерекемен құттықтап, ерекше рахметін айтты. Қария жиылған жұртқа батасын беріп, еліміздің белсенді азаматтарына ақжарма тілегі мен ризашылығын білдірді.

Кеш соңында аудандағы Ұйғыр этномәдени орталығының ақсақалдары мен сыйлы қонақтарына арналып дастархан жайылып, фотосессия ұйымдастырылды.

Кейін қарай