11 Сәуір, 2019
1800
ШЫМКЕНТТЕ ЭТНОС ЖАСТАРЫ ҚАЗАҚША МАҚАЛ-МӘТЕЛ АЙТУДАН ЖАРЫСТЫ
Түрлі этнос жастарының мемлекеттік тілде сөйлеу мәдениетін дамытуды көздеген іс-шара Шымкентте Қазақстан халқы Ассамблеясының «Мен қазақша сөйлеймін» акциясы аясында өтті. Оған негізінен қалалық ассамблея жанында ашылған мемлекеттік тілді оқып-үйрету курсының оқушылары қатысып, теориялық білімді практика жүзінде қолдану дағдыларын дамытты.
Шараға қатысушылар өзара үш топқа бөлініп, Отан, тіл, достық, бірлік тақырыбында мақал-мәтелдер мен билердің даналық сөздерін айтудан, қара өлең оқудан сынға түсті. Сондай-ақ, басылымдарда жарияланған мақалалардан үзінді оқып, мемлекеттік тілді қаншалықты меңгергендігін көрсетті.
Байқау барысында қазақтың отыздан астам мақал-мәтелдерін жатқа айтып, Абайдың өлеңдерін оқудан алдына жан салмаған колледж студенті Сайфиддин Османов үздік деп танылды.
«Қазақ тілінде еркін сөйлеймін. Алайда, қалалық ассамблея жанындағы тегін тіл үйрету курсы арқылы мемлекеттік тілде дұрыс жазып-сөйлеуді үйренуді бастадым. Бүгінгі сайыс тілімізді жаттықтырумен қатар қазақ мәдениеті мен әдебиетіне деген қызығушылығымызды одан әрі арттырып отыр. Тіл үйрену – түсіністікті арттырып, бірлігімізді нығайта түседі», - дейді түрік этномәдени бірлестігінің мүшесі С. Османов.
Айта кету керек, Шымкентте түрлі этнос өкілдеріне арналған мемлекеттік тілді оқып-үйрету курсы осы жылдың ақпан айында жұмысын бастады. Игі бастаманы қалалық Қазақстан халқы ассамблеясы мен «Тілдерді оқыту-әдістемелік орталығы» бірлесе жүзеге асыруда. Бүгінде курсқа келушілер арасында жастардың қатары артып, олардың мемлекеттік тілді үйренуге деген қызығушылығы жоғары екені байқалады.
Ұқсас жаңалықтар
-
«Ассамблея жастары» делегациясы Өзбекстандағы халықаралық іс-шараларға қатысты
-
Париж қ. ЮНЕСКО-ның штаб-пәтерінде ҚХА қоғамдық келісім мен этносаралық бірлікті нығайту бағытындағы қызметінің тұңғыш рет таныстырылымы өтті
-
«Ассамблея жастары: Жаңа толқын, жасампаз буын»тақырыбында Қазақстан халқы Ассамблеясы III Республикалық жастар сессиясы өтті
-
ҚХА Жас ғалымдар клубының «Қазақша мазмұн» атты жобасы іске қосылды
-
«Ассамблея жастары» ұйымының мүшелері Ақтау қ. маңында ұшақ апатынан қаза болғандарды еске алды
-
«Ассамблея жастары» халықаралық ынтымақтастықты нығайтуда
2 Шілде, 15:38
Астанада «Қазақстан мен Беларусь: достық әуендері» атты Беларусь мәдениетінің фестивалі өтті
4 Шілде, 18:04
ҚХА Ведомствоаралық ғылыми-сараптамалық құрылымының алғашқы отырысы өтті
4 Шілде, 14:19
«Ассамблея жастары» делегациясы Өзбекстандағы халықаралық іс-шараларға қатысты
6 Шілде, 11:50
Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Астана күнімен құттықтауы
6 Шілде, 09:06
Мемлекет басшысы Ұлттық домбыра күнімен құттықтады