28 Қараша, 2018
1503
Шымкентте жергілікті Қазақстан халқы ассамблеясы мен «Нұр Отан» партиясы 2019 жылы бірлесе атқарылатын шаралар Жоспарына қол қойды
Шымкент қаласындағы Достық үйінде 1 желтоқсан – Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күні мерекесіне орай «дөңгелек үстел» өтті. Нұрсұлтан Назарбаевтың көрегендігінің арқасында қол жеткізген табыстар, Тәуелсіздік жылдарындағы тағдыршешті қадамдары мәжіліске қатысушылардың әңгіме арқауына айналды.
«1 желтоқсан – қазақстандықтар үшін ерекше күн. Дәл осы күні Қазақстан халқы тарихи таңдау жасап, Тәуелсіз елдің Тұңғыш Президентін сайлады. Аз уақыттың ішінде Қазақстан таңдай қақтырарлық табыстарымен әлемге танылды. Елдегі экономикалық-әлеуметтік және саяси реформалар, халықаралық және өңірлік бастамалар, жаһандық жасампаз істеріміздің барлығы Нұрсұлтан Назарбаевтың есімімен тікелей байланысты. Жетістіктеріміздің барлығы Елбасы ұстанған бірлік пен тұрақтылық, ұлтаралық келісім саясатының арқасында жүзеге асқанына ерекше назар аударуымыз тиіс», - деді жиында сөз алған Шымкент қалалық Қазақстан халқы ассамблеясы төрағасының орынбасары Мұратәлі Қалмұратов.
Елбасы өткен жылы «Нұр Отан» партиясы Саяси бюросының отырысында партия мен ҚХА-ның бірлесіп жұмыс істеуі жөнінде арнайы тапсырма берген болатын. Осыған орай, «Нұр Отан» партиясы Шымкент қалалық филиалы мен қалалық Қазақстан халқы ассамблеясы және отбасы, балалар және жастар саясаты басқармасының басшылары 2019 жылға арналған бірлескен іс-шаралар жоспарын бекітіп, өзара ынтымақтастық жөнінде меморандумға қол қойды.
Жиында «Нұр Отан» партиясы Шымкент қалалық филиалы төрағасының орынбасары Бахадыр Нарымбетов құжат аясында жүзеге асатын жұмыстарға көпшіліктің назарын аударды.
«Елбасы дүниежүзінің бірде-бір елінде кездеспейтін Қазақстан халқы Ассамблеясы секілді бірегей институт құрудың және оны жүзеге асырудың негізгі бастамашысы болды. Сондай-ақ, «Нұр Отан» партиясы да ең алғаш құрылған күнінен бастап Президентіміздің басты көмекшісіне айналды. Сондықтан, біз бүгін Елбасының жаңа бастамаларын іске асыруға, береке-бірлікті нығайтуға қатысты мәселелерді бірлесе қарап, өзара меморандумға қол қойдық. Бұл – біздің «Қазақстан-2050» стратегиясын, Елбасының соңғы Жолдаулары мен «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» және «Ұлы даланың жеті қыры» атты бағдарламалық мақалаларындағы бастамаларды тиімді жүзеге асыруда бірлескен жұмыстарымыздың басты құжаты болады», - деді Б. Нарымбетов.
2019 жыл «Жастар жылы» деп жарияланғаны аян. Осыған орай, баяндама жасаған қалалық отбасы, балалар және жастар саясаты басқармасының басшысы Жандос Қалтаев жастар мен отбасы институтын кешенді қолдау бағытындағы жұмыстарды жұмыла жүзеге асырудың маңыздылығына тоқталды.
Ұқсас жаңалықтар
-
Астана қ. Достық үйінде ҚХА «Мемлекеттік тіл – этносаралық қатынас тілі» тақырыбында дөңгелек үстел өтті
-
ШҚО ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫ АССАМБЛЕЯСЫНЫҢ ХХХ СЕССИЯСЫ ӨТТІ
-
Семейде 1000-нан астам адам Әнұранды бірге шырқады
-
Алматы облысында Мемлекеттік рәміздер күніне орай 300-ден астам шара өтті
-
Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасы орынбасарының ҚР Мемлекеттік рәміздері күнімен күнімен құттықтауы
-
40 астам адам ҚР мемлекеттік рәміздер күніне арналған жеңіл атлетикалық жүгіру сөресіне шықты
4 Маусым, 11:00
Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасы орынбасарының ҚР Мемлекеттік рәміздері күнімен күнімен құттықтауы
5 Маусым, 21:00
Ақтөбеде «Бірлік.Жасампаздық.Өрлеу» тақырыбында облыстық ҚХА XXVII сессиясы өтті
3 Маусым, 19:58
40 астам адам ҚР мемлекеттік рәміздер күніне арналған жеңіл атлетикалық жүгіру сөресіне шықты
3 Маусым, 17:26
БІРІНШІ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЖАЗҒЫ МЕКТЕП
6 Маусым, 16:49
Алматы қ. республикалық Достық үйінде «Ұйғыр ұлттық салт-дәстүрі: ұрпақтан-ұрпаққа мұра» форумы өтті