
29 Қыркүйек, 2017
1150
Шын мықтылар топ жарды
2017 жылдың 27 қыркүйегінде Достық үйі ғимаратының мәжіліс залында Жамбыл облысы әкімдігінің «Қоғамдық келісім» мекемесі мен ғылыми-сараптамалық қолдау бөлімінің ұйымдастыруымен Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірліктің қазақстандық моделіне арналған үздік ғылыми жобалардың облыстық байқауының қорытынды кезеңі өтті.
Байқаудың негізгі мақсаты - отандық зерттеулер мен жастардың ғылыми-сарапшылық әлеуетін арттыру арқылы этносаяси және этноәлеуметтік ахуалды жетілдіру.
«Қазақстан халқы Ассамблеясы татулық, қоғамдық келісім мен бірлік институты ретінде», «ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың жаһандық бастамалары мәнмәтініндегі татулық пен келісім идеялары», «Мәңгілік ел» жалпыұлттық патриоттық идеясы: бастаулардан болашаққа» сынды бірнеше тақырыпты қамтыған байқауға өңірдегі отыз бес жасқа дейінгі жас ғалымдар, орта және жоғары оқу орындарының оқытушылары тарапынан 46 өтініш келіп түскен.
Шешуші кезең барысында әрбір қатысушы өз ғылыми жобасын арнайы бекітілген регламент бойынша бейне материалдардың көмегімен қорғады. Әрбір сәтті қадағалап отырған қазылар алқасы жобаның мақсаты мен міндетіне, тақырыптың өзектілігіне, ғылыми жаңалығына, қорытындылар мен тәжірибелік ұсыныстарына баса назар аударды.
«Жүйріктен жүйрік озар жарысқанда» демекші байқау соңында үздіктердің үздігі топ жарып, бірінші орынға Жамбыл политехникалық колледжінің оқытушысы Сандуғаш Шайкеева қол жеткізсе, екінші дәрежелі диплом №41 мектеп-гимназиясының мұғалімі Айнұр Сариеваға бұйырды. Үздік үштікті М.Х.Дулати атындағы ТарМУ «Конституциялық және халықаралық құқық» кафедрасының аға оқытушысы Асқар Қадырқұлов түйіндеді. Ұйымдастырушылар тарапынан өзге де қатысушыларға арнайы алғыс хаттар мен сыйлықтар табыс етілді. Ақтық сында өзгелерден оза шапқан үш жүйрігіміз енді республикалық кезеңде облыс намысын қорғайтын болады.
Дата события ассамблеи: 29.09.2017
Ұқсас жаңалықтар
-
Астанада қазақ-орыс-ағылшын фразеологиялық сөздігінің тұсаукесері өтті
-
БАҚ ЭТНОСАРАЛЫҚ ҚАТЫНАСТАРДЫ НЫҒАЙТУ ҮШІН ТОПТАСУЫ ТИІС
-
Ассамблея жастары «Алдағы 5-10-15 жылда сұранысқа ие болашақтың ТОП 50 мамандығы» жобасын іске қосты
-
Сіздерді 9 мамыр – Ұлы Жеңіс күнімен шын жүректен құттықтаймын!
-
Қазақстан халқының бірлігі мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз!
-
«Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының лауреаттарын шын жүректен құттықтаймыз
27 Тамыз, 15:17
Павлодарда «Ассамблея Шәмшінің әндерін шырқайды» атты музыкалық кеш өтті
26 Тамыз, 15:41
«Ассамблея жастары» РҚБ төрағасы ЮНЕСКО-ның халықаралық бағдарламасына қатысады
25 Тамыз, 18:49
Жамбыл облысында Аналар кеңесінің отырысы өтті
25 Тамыз, 15:35
ҚХА Төрағасының орынбасары домбырашы Әлібек Қайырбекпен кездесті
22 Тамыз, 16:05
Астана қалалық Достық үйінде «Мектепке жол» қайырымдылық акциясы өтті
Ұқсас жаңалықтар
-
Астанада қазақ-орыс-ағылшын фразеологиялық сөздігінің тұсаукесері өтті
-
БАҚ ЭТНОСАРАЛЫҚ ҚАТЫНАСТАРДЫ НЫҒАЙТУ ҮШІН ТОПТАСУЫ ТИІС
-
Ассамблея жастары «Алдағы 5-10-15 жылда сұранысқа ие болашақтың ТОП 50 мамандығы» жобасын іске қосты
-
Сіздерді 9 мамыр – Ұлы Жеңіс күнімен шын жүректен құттықтаймын!
-
Қазақстан халқының бірлігі мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз!
-
«Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының лауреаттарын шын жүректен құттықтаймыз