27 Мамыр, 2022
823
«Шынайы бауырластыққа негізделген достық пен туыстық дипломатиясы» тақырыбындағы халықаралық конференция
2022 жылғы 27 мамыр күні, сағат 11.00-де Шымкент қаласындағы М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінің кіші конференц залында Қазақстан және Өзбекстан Республикалары арасындағы дипломатиялық байланыстың 30 жылдығына орай «Шынайы бауырластыққа негізделген достық пен туыстық дипломатиясы» тақырыбында халықаралық конференция өткізілді.
Іс- шараның мақсаты – Қазақстан халқы Ассамблеясы мен Өзбекстан Республикасы Министрлер кабинеті жанындағы ұлтаралық қатынастар және шет елдермен достық байланыстар комитеті арасында түзілген меморандум аясында бауырлас елдер арасындағы өзара ынтымақтастықты арттыру және бірлескен мәдени жобаларды іске асыру болып табылады.
Жиынға Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының қоғамдық негіздегі орынбасары Тауфик Акрамұлы Каримов, ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі этносаралық қатынастарды дамыту комитеті төрағасының орынбасары Еркін Құлымбайұлы Үйсімбаев арнайы келді.
Сонымен қатар, Өзбекстан Республикасы Министрлер кабинеті жанындағы этносаралық қатынастар және шет елдермен достық байланыстар комитеті төрағасының орынбасары Зафар Шафкатович Ахмедов бастаған 14 өзбекстандық делегация мүшелері келіп қатысты.
Мәжіліс барысында Шымкент қаласы әкімінің бірінші орынбасары Ш. Мұқан, Өзбекстан Республикасы Министрлер кабинеті құзырындағы этносаралық қатынастар және достық комитеті төрағасының кеңесшісі З.Ахмедов, Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары Т.Каримов сөз сөйлеп, М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінің ректоры Д.Қожамжарова, Өзбекстан Республикасы Министрлер кабинеті құзырындағы этносаралық қатынастар және шет ел мемлекеттерімен достық комитетінің өкілі О. Алмардонов, ОҚМПУ-нің халықаралық ынтымақтастық және академиялық шешімдер бөлімінің басшысы Ш.Наралиева, Өзбекстан Республикасы «Ватандошлар» қоғамдық қорының басқарма төрағасы О.Саттаров, М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінің профессоры Н.Алметов, Өзбекстан Республикасы Шанхай ынтымақтастық ұйымы елдерінің халық дипломатиясы орталығының директоры Қ.Собиров баяндама жасады.
Өзбекстанның халық ақыны, Өзбекстан Жазушылар Одағы Ташкент облыстық бөлімшесінің меңгерушісі Махмуд Тойир қазақ-өзбек дипломатиялық байланысы бойынша ән арнады.
Бұдан бөлек, баспадан жаңадан шыққан өзбек тіліндегі көркем әдебиеттердің тұсаукесері өтіп, өзбек ұлттық аспаптарының таныстырылымы өтті.
Конференция жұмысына Өзбекстан Республикасы мен Түркістан, Жамбыл облыстары мен Шымкент қаласынан зиялы қауым өкілдері қатысты.
Ұқсас жаңалықтар
-
Алена Жапониядағы жарыстан жеңіспен оралды
-
Орталық Азиядағы алғашқы ашық халықаралық жеңіл атлетика турнирі ALATAU 2025 өтті
-
«Ассамблея жастары» делегациясы Өзбекстандағы халықаралық іс-шараларға қатысты
-
Астанада «Қазақстан мен Беларусь: достық әуендері» атты Беларусь мәдениетінің фестивалі өтті
-
Қазақстан халқы Ассамблеясының Франция Ұлттық жиналысының депутаты Бруно Фукспен кездесуі өтті
-
Алматыда Халықаралық балаларды қорғау күніне арналған «Қазақстан балалары» ұлттық акциясы өтті
2 Шілде, 15:38
Астанада «Қазақстан мен Беларусь: достық әуендері» атты Беларусь мәдениетінің фестивалі өтті
4 Шілде, 18:04
ҚХА Ведомствоаралық ғылыми-сараптамалық құрылымының алғашқы отырысы өтті
4 Шілде, 14:19
«Ассамблея жастары» делегациясы Өзбекстандағы халықаралық іс-шараларға қатысты
6 Шілде, 11:50
Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Астана күнімен құттықтауы
6 Шілде, 09:06
Мемлекет басшысы Ұлттық домбыра күнімен құттықтады