05 Қаңтар, 2023
48
Славяне орталығының жаңа жылдық шыршасы өтті
Қызылорданың Достық үйінде дәстүрге айналған «Славяне» қоғамдық мәдени-орталығы бірлестігінің ұйымдастырумен бастауыш және мектепке дейінгі балаларға арналған жаңа жылдық шырша кеші өтті.
Оған славян, шешен, татар, еврей этномәдени бірлестіктердің, "Анар бэби" орталығының бүлдіршіндері, православ шіркеуінің жексенбілік мектебіне қатысушылары, аз қамтылған отбасылардың балалары және славян этномәдени бірлестігімен белсенді қызмет ететін қала мектептерінің оқушылары шақырылды. Барлығы 800-ге астам бала қатысты.
Шығыс күнтізбесі бойынша 2023 жыл – қоян жылы, сондықтан көптеген көріністер осы жануармен байланысты болды. Мысалы, шыршаға қатысушылар «Патша және Күлмес ханшайым» ертегісінің желісі бойынша қойылымды көрді. Балалар Күлмес ханшайымды күлдіру үшін барын салды.
Балалар бірлесіп Аяз Ата мен Ақшақарды ортаға шақырды. «Сударушки», «Надежда» вокалдық тобымен және оның солистерімен бірге жаңа жылдық әндер шырқап, шыршаны айналды. «Жемчужинка» би тобымен бірге әсерлі, флешмоб билерін билеп, сиқыршылардың жұмбақтарын шешіп, көңілді эстафеталарда жылдамдықтары мен ептіліктерін көрсетті.
Рождество қарсаңында өткен мерекелік ертеңгіліктің соңында Алматы қаласындағы Ресей Федерациясының Бас Консулдығы атынан барлық қатысушы балаларға тәтті сыйлықтар таратылды.
Ұқсас жаңалықтар
-
Түркістанда алғыс айту күніне арналған мерекелік концерт өтті
-
ҚХА кафедралары Алғыс айту күнін атап өтті
-
ҚХА Қазақстан ұйғырларының республикалық этномәдени орталығы 10 жылдық жұмысын қорытындылады
-
Астана қаласында Қазақстан халқы Ассамблеясы Кеңесінің отырысы өтті
-
Өңірлік ҚХА кәсіпкерлер қауымдастығының отырысы өтті
-
Дінмұхамед Қонаев ескерткішіне гүл шоқтарын қою рәсімі өтті
8 Наурыз, 11:04
Құрметті ханымдар!