Қазақстан халқы Ассамблеясы

27 Маусым, 2022

85

Солтүстік Қазақстан облысы Қазақстан халқы Ассамблеясының XXVI сессиясы

2022 жылдың 24 маусымында облыс әкімдігінің ғимаратында СҚО ҚХА төрағасының орынбасары, Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Ғани Нығыметовтың қатысуымен Солтүстік Қазақстан облысы Қазақстан халқы Ассамблеясының XXVI сессиясы өтті.

Іс-шараға этномәдени бірлестіктердің, өңірлік ассамблеяның құрылымдық бөлімшелерінің төрағалары мен белсенділері қатысты.Жиналғандарға СҚО ҚХА төрағасының орынбасары Ғани Нығыметов сөз сөйлеп, Қазақстан халқы Ассамблеясының этносаралық қатынастарды нығайту саласындағы мемлекеттік саясатты іске асырудың маңызын атап өтті.


Сессия аясында Қазақстан халқы Ассамблеясы қызметінің өзекті мәселелері бойынша спикерлер сөз сөйледі.

"Солтүстік Қазақстан облыстық Әзірбайжан мәдениеті орталығы" қоғамдық бірлестігінің төрағасы Шыңғыс Гаджимомед-Оглы этномәдени бірлестіктердің қызметі және олардың референдумның дайындық жұмыстары мен өтуіне қатысу жағдайы туралы баяндама жасады.

Жұлдыз Саттарова мұқтаж отбасыларға консультативтік, психологиялық, әдістемелік көмек көрсетуге бағытталған "Бақытты отбасы" бірегей жобасын іске асыру туралы айтып берді.

Юлия Родионова бірнеше тілді меңгеру қажеттілігі туралы өз ойымен бөлісті. Сонымен қатар, ол өз тәжірибесінен түйіндеген қазақ, орыс, ағылшын тілдерін білудің кәсіби қызметті дамытуға қалай орасан көмектескенін айтты.


Сессияның ең жас спикері "Ассамблея жастары"республикалық қоғамдық бірлестігінің облыстық филиалының белсендісі Данияр Кудьяров болды. Данияр жастайнан ақ жастар мәслихатының депутаты, "Елбасы медалі" жобасының амбассадоры болып табылады, ол туған жері Аққайың ауданының, сондай-ақ Солтүстік Қазақстан облысының қоғамдық өміріне белсенді қатысады. Данияр жастардың болашағы олардың өз қолында екенін, өйткені елімізде жастардың дамуы мен өзін-өзі жүзеге асыруы үшін барлық жағдай жасалғанын нық сеніммен айтты.

Сессия шеңберінде облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының қоғамдық орынбасарын сайлау өтті, Нәтижесінде аталмыш орынға басым көпшілік дауыспен "Орыс, славян және казак ұйымдарының Қауымдастығы" заңды тұлғалар ұйымының Солтүстік Қазақстан филиалының төрағасы Владимир Витченко сайланды.

Сонымен қатар, сессия аясында облыс әкімі Құмар Ақсақаловтың қолы қойылған Құрмет грамоталарымен және алғыс хаттармен марапаттау рәсімі өтті, сондай-ақ этномәдени бірлестіктердің төрағаларына облыс әкімінің этномәдени бірлестіктерді дамытуға арналған гранттардың сертификаттары табыс етілді.


Кейін қарай