06 Желтоқсан, 2017
925
«Сот жүйесінің үздік аудармашысы» республикалық конкурсы
Таяуда Жоғарғы Сотта «Сот жүйесінің үздік аудармашысы» республикалық конкурсы болып өтті.
Іс-шараға Жоғарғы Сот Төрағасы Қайрат Мәми, еліміздің жоғары сот органының судьялары, Жоғарғы Сот жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаментінің басшылығы мен қызметкерлері қатысты.
Аталған конкурс Мемлекет басшысының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласында айтылған міндеттерді практикалық іске асыру шеңберінде ұйымдастырылды. Мақсаты – ауызша аударма жасау, мемлекеттік тілде процестік құжаттарды әзірлеу және сот іс қағаздарын жүргізу дағдыларын меңгерген кәсіби сот аудармашылары корпусын қалыптастыру.
Қайрат Мәми іс-шараны аша келе, Мемлекет басшысының үйлесімді тіл саясатын іске асыруға әрдайым зор мән беретіндігін атап өтті. «Бұл мәселе сот жүйесі үшін қағидатты маңызға ие, себебі аударма соттарда азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғауды толығымен іске асыруға өз септігін тигізеді», - деді Жоғарғы Сот Төрағасы. Ол әлемнің көптеген мемлекеттерімен белсенді экономикалық байланыс орнатқан көп этносты Қазақстан үшін сапалы сот аудармасы мәселесі көп жағдайда соттар жұмысының тиімділігін қабылдауға ықпал ететіндігін атап өтті. Таяу уақытта сот аудармасының деңгейін арттыру бойынша Жоғарғы Сот кешенді шаралар қабылдайтыны да айтылды.
Бұдан әрі Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы «Қоғамдық келісім» РММ жетекші сарапшысы, қазылар алқасының мүшесі Камал Әлпейісова конкурс қатысушыларына өз лебізін жеткізді.
Конкурстың жеңімпаздары Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күнін мерекелеуге арналған Жоғарғы Соттың салтанатты жиынында марапатталды.
Конкурс шеңберінде ілеспе аударма дағдыларына айрықша мән бере отырып, сот-құқық мәтіндерін аудару әдістемесі бойынша семинар-тренинг болды. Оны филология ғылымдарының кандидаты, ілеспе аудармашы Камал Әлпейісова өткізді.
Дереккөз: Жоғарғы Соттың баспасөз қызметі
Дата события ассамблеи: 06.12.2017
Ұқсас жаңалықтар
-
Алматы қаласындағы Республикалық Достық үйінде «Ана – ұлттың ұйыстырушысы» тәжірибеге бағытталған курсы басталды
-
ҚХА республикалық этномәдени бірлестіктерімен өзара іс-қимылына жауапты ретінде С. Пономарёв тағайындалды
-
Астанада республикалық «Бірлік жүгірісі» өтті
-
«Ассамблея жастары: Жаңа толқын, жасампаз буын»тақырыбында Қазақстан халқы Ассамблеясы III Республикалық жастар сессиясы өтті
-
ҚХА шығармашылық ұжымдарының республикалық фестивалі өтті
-
Сыр елі – достық мекені» республикалық жастар форумының пленарлық отырысы өтті
11 Маусым, 12:38
Ақмолада ҚХА XXVIII сессиясы өтті
12 Маусым, 23:59
ҚХА Хатшылығының жұмыс отырысы: Алматы облысы
вчера, 22:45
ҚХА республикалық этномәдени бірлестіктерімен өзара іс-қимылына жауапты ретінде С. Пономарёв тағайындалды
16 Маусым, 23:30
ҚХА Хатшылығының жұмыс отырысы: Абай облысы
вчера, 22:41
ҚХА жастар қанатының өкілдері Жастар құқықтары жөніндегі комиссия құрамына кірді