Қазақстан халқы Ассамблеясы

18 Шілде, 2016

1015

«Спорт – өмір көркі»

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына және «Мың бала» жобасын орындау аясында Қазақстан халқы Ассамблеясы, Маңғыстау облысы әкімі аппаратының «Қоғамдық келісім» КММ-сі «Жас канат» жастар ұйымымен бірлесіп, «Алау», «Шипагер» және «Ботақан» лагерьлерінің тәрбиеленушілері арасында спорттық сауықтыру сайыстарын және улттық ойындарын ұйымдастырды.

Осындай шаралар жаз бойы ұйымдастырылуда. Аталмыш шараға 10-14 жас аралығындағы төрт жұзден (400) астам балалар қатысты. Спорттық сайыстарға үш команда құрылды. Балалар “Асық ату”, «Тоғыз құмалақ», арқан тарту, шарды үрлеу, жүгіру және т.б. ойындарына белсенді қатысты. Бұл іс-шара «Нұр плаза» жағажайында өтті. Нәтижесінде, бірінші орынға  «Алау» лагері, екінші орынға  «Ботақан» лагері, үшінші орынға   «Шипагер» лагері ие болды.

Маңғыстау облысы әкімі аппаратының «Қоғамдық келісім» КММ-інің басшысы  Джайлханова Амангүл Әбдіғалиқызы қатысушыларды құттықтап, сыйлықтар мен алғыс хаттар табыстады. Оларға алдағы күндерде де ауызбіршілік пен достықты сақтап қалуды тіледі. Сондай-ақ, «Ботақан» лагерінің басшысы    Комордина Любовь Андреевнаға және тәрбиеші   Байболова Айжамал Жалуқызына іс-шараны ұйымдастыруға белсене көмек көрсеткендері үшін ризашылық білдіріліп, алғыс хат тапсырылды.

Сайысқа қатысушылар арасында әр түрлі ұлт өкілдері болды, бұл өсіп келе жатқан ұрпақтың ынтымақтастығын көрсетіп отыр. Мұндай іс-шаралар, Отанға деген сүйіспеншілікті, патриотизмді тәрбиелейді. Еліміздің өркендеуі үшін маңызды рөл ойнайтыны анық.

Отанға деген махаббатын ерекше тәсілмен білдіру үшін балалар би флешмобын ұйымдастырды. «Ботақан» лагері «Бәріміз бірге бақытты отбасымыз»  биін, «Шипагер»  лагері  «Достық биі» атты биді, «Алау» лагері  «Фама» биін биледі.

Іс-шара соңында «Ехпайрутюн» армян этномәдени бірлестігінің талантты жас әншісі  Армен Саакян «Aлғa, Қазақстан» әнін шырқады, ал «Нұр» би ансамблінің өнері балалардың көңіл-күйін арттыра түсті.

МОӘА «Қоғамдық келісім» КММ баспасөз қызметі

Кейін қарай