Қазақстан халқы Ассамблеясы

05 Мамыр, 2016

1116

Ұстаз «Халықтану» пәнінен сабақ береді

«Березарин хеир!» - бұл сөзді ақтаулық оқушылар күнде естиді. Удин тілінің сөзі  қазақ тіліне аударған кезде «Қайырлы күн!» деген мағынаны білдіреді.  Регина Гукасари бастауыш сынып оқушыларына дәріс береді. Оның оқыту әдістемесі де өзгеше.  Өйткені, ол әліппені алғаш ұстаған балғындарға  «Халықтану» пәнінен сабақ береді. Удин ұлтының өкілі – осы Ақтау қаласында тұрады. Ұлт тарихына зер салсақ шығыс Кавказ халықтарының ең аз тараған ұлты екен. Тарихи Отаны – қазіргі Әзербайжан.  Бүгінде әлем бойынша ұлт өкілдерінің саны 10 мың адамнан аспайды. Солардың 70-ке жуығы Маңғыстау өңірінде тұрады.  

Регина Гукасаридің ұлты удин болғанымен, жүрегі қазақ деп соғады.  Қазақстанды «Отаным» деп біледі.  Ол екі елдің салты мен дәстүрін насихаттау үшін оқушыларға танымдық бағыттағы жұмысын жалғастырып келеді. Регина бастаған іс көптеген оқушылардың қызығушылығын ояту, сондықтан ол әр сабағына мұқият қарап, ерекше өткізуге тырысады.

Удиндер мен қазақстардың арасында бір ұқсастық бар. Ол қандай дейсіз ғой? Қонажайлығымызда. Қос елде  бар тамаша үрдіс. Тіпті, тағамдарымызға дейін ұқсастық бар. Ал, ерекше өтіп жатқан сабағымызға тоқтар болсақ, 130 мыңнан астам ұлт пен ұлыс тұратын қазақстандық оқушыларға өзге елдің салты мен дәстүрін үйрену ешқашан артық болмайды, - дейді ұстаз.

Сондай-ақ мұғаліміне ыстық ықыласын тәлімгерлері де білдірді. Жәсия Нұртазина.

Ұстазымыз шәкірттерімен мақстанса, біз ұстазымызбен мақтанамыз. Құдай бойына қарапайымдылық пен мейірімділікті үйіп берген екен. Есеп-қисапты үйретіп қана қоймай, өзге ұлттардың салтын да үйретеді. 

Осылайша, татулық пен бірлікті  ынтымақ пен достықты дәріптеп  отырған Регина болашағын уыздай ұйыған Қазақ елімен байланыстырады.  

 

 

МОӘА «Қоғамдық келісім»КММ баспасөз қызметі

Кейін қарай