Қазақстан халқы Ассамблеясы

28 Желтоқсан, 2015

1731

Сурет көрмесі

Қазақстан халқы Ассамблеясының 20 жылдығы аясында 2015 жылдың 28 желтоқсанында Достық үйінің ашылуына орай апталық іс-шаралар тізбегі өтуде. Түрлі бағытта өткізілген іс-шаралардың бірі Достық үйінің мәжіліс залында оқушылар арасында өткізілген «Менің ұлы Отаным – қасиетті Қазақстаным!» атты сурет көрмесі болды. Көрмені ұйымдастырушы Қызылорда облысы әкімі аппаратының «Қоғамдық келісім» коммуналдық мемлекеттік мекемесі және қалалық білім бөлімі.

Көрме жұмысына қаламыздың 26 орта мектебінің талантты оқушылары қатысты. Іс-шараның басты мақсаты жастарды отансүйгіштікке тәрбиелеп, Қазақстан сан ұлтқа саялы мекен болып отырған бірлік пен ынтымақтың белгісі екендігін ұғындыру. Жас жеткіншектердің шығармашылығынан туындаған әр суретте Отан, достық, бейбітшілік тақырыбы қамтылған. Барша қылқалам иесінің еңбектері көрермендер тарапынан үлкен мақтауға ие болды. Оның ішінде қатысушылар №198 орта мектебінің 6 сынып оқушысы жас талант Кирилл Орловтың туындысына бірауыздан ерекше баға берді.
Іс-шара барысында Қызылорда қалалық білім бөлімінің «Бейнелеу өнері және сызу» бірлестігінің жетекшісі Орманбаева Ақбаян сурет көрмесін таныстырып, келген қонақтарға әр жұмыстың ерекшелігін баяндады.
Көрменің қорытындысы бойынша үздік жұмыс иелері алғыс хаттармен марапатталды.

Кейін қарай