Қазақстан халқы Ассамблеясы

21 Маусым, 2022

2037

ТҮРКЕСТАНДА МАҢҒЫСТАУ ОБЛЫСЫНЫҢ МӘДИНЕТ КҮНДЕРІ ӨТТІ

Екі күндік бағдарлама «Маңғыстаудан мың сәлем, түркі төрі!». Шара аясында Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев пен Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары Ұлықбек Тінәлиев «Маңғыстау облысын Түркістан облысына тарту» атты кіші сәулет ескерткішін ашты.

Маңғыстау облысының әкімі атынан Ұлықбек Тінәлиев құттықтау сөз сөйлеп, бұл сапардың Ұлы Жібек жолының қиылысы болып табылатын екі аймақтың арасындағы сауда-экономикалық, қоғамдық-саяси, мәдени және рухани байланыстарды жаңа деңгейге көтеретінін атап өтті.

Әлемге әйгілі дизайнер Тарбия Айдынбаева «Мифтік кейіпкерлердің» көрсетілімін ұсынды. Одан кейін «Серікбол Қондыбай және түркі мифологиясының зерттелуі» атты III Халықаралық ғылыми-теориялық конференция өтті, оған 20-дан астам шетелдік және қазақстандық ғалымдар мен мифологологтар қатысты.


Іс-шаралар аясында «Конгресс Холл» көпсалалы кешенінде Ә. Кекілбаев атындағы Маңғыстау облыстық тарихи-өлкетану мұражайы мен Маңғыстау облыстық мемлекеттік тарихи-мәдени қорығының көрмесі ашылды. Көрмеде зергерлік бұйымдар, киім, тұрмыстық заттар ұсынылды. Көрме қонақтары салтанатты ашылу рәсіміне қатысып, концерттік бағдарламамен сүйемелденді.

Гала-концертті ҚР еңбек сіңірген қайраткері Тамара Асар ашты. Сондай-ақ, маңғыстаулық «Жорға» ансамблі мен халық аспаптар оркестрінің әртістері өз өнерлерін көрсетті. Ә. Тарақұлы атындағы Маңғыстау облыстық филармониясының домбырашылар ансамблі, сондай-ақ «Радуга» балалар шығармашылық орталығыда қатысты.


Басты кездесулердің бірі Маңғыстау және Түркістан облыстарының ақсақалдары арасында «Ұлы Дала елі» орталығында өтті. Кездесуде қасиетті өңірлерден шақырылған қонақтар елдің бірлігі, ұлттың болашағы, екі өңірдің рухани мұрасы мен мәдениеті туралы сөз қозғап, пікір алмасты. Маңғыстаулық ардагерлер Түркістан қалалық ардагерлер кеңесіне Бекет ата мешітінің суретін сыйға тартты. Сонымен қатар, Қ.Садиықов атындағы Маңғыстау облыстық әмбебап кітапханасынан әкелінген өлкенің тарихы мен мәдениеті туралы әңгімелейтін 250-ге жуық ақын-жазушылардың кітаптары таныстырылды.

Түркістан қаласының тұрғындары мен қонақтары үшін жәрмеңке ұйымдастырылды, онда өңірдің 15 кәсіпкері өз өнімдерін - балық, былғарыдан, Маңғыстау тастарынан, ағаштан, металдан жасалған бұйымдарды, ұлттық стильдегі сәнді киімдер мен суретшілердің картиналарын ұсынды.


Кейін «Farab» кітапханасында Н. Жантөрин атындағы музыкалық драма театрының актерлері «Әлихан аманаты» пьесасын қойды. Туындының авторы-ҚР Мәдениет қайраткері Нартай Сауданбекұлы, қоюшы режиссері - ҚР Еңбек сіңірген қайраткері Гүлсина Мерғалиева.

Түркістан қаласында өткен кездесу аясында екі өңірдің аналар кеңесі дөңгелек үстел басында кездесіп, ел бірлігін нығайту бойынша өз тәжірибелері мен ұсыныстарымен бөлісті. Кеңесте қазақ халқының ең үздік дәстүрлері, тарихы таныстырылды. Маңғыстау облысы ҚХА Аналар кеңесінің мүшелері Түркістан облысы ҚХА Аналар кеңесінің мүшелеріне «Көрісу» дәстүрін көрсетті. Маңғыстау облысының өкілдері түркістандық әріптестеріне Маңғыстау өңірі туралы кітаптар жинағын табыс етті.


Мерекелік іс-шаралар соңында «Karavansaray Turkistan» туристік кешенінде танымал әнші, Маңғыстаудың тумасы Тамара Асар және Маңғыстау эстрадасының жұлдыздары «Әнім саған, бағза Тұран!».

Кейін қарай