23 Желтоқсан, 2021
295
Түркістан облыстық ҚХА Қоғамдық келісім кеңесі алдағы жылдың жоспарын талқылады
Түркістан облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы Қоғамдық келісім кеңесінің кезекті отырысы өтті. Басқосуда облыстық Қоғамдық келісім кеңесінің 2021 жылы атқарылған жұмыстары сараланып, Қоғамдық келісім кеңесінің Ережесін бекіту, 2022 жылға арналған жұмыс жоспарын талқылау және Қоғамдық келісім кеңесінің құрамын жасақтау мәселелері қозғалды.
Келелі жиынға Түркістан облыстық қоғамдық даму басқармасының басшылығы, Түркістан облыстық ҚХА жанындағы Қоғамдық келісім кеңесінің мүшелері, Түркістан облыстық ҚХА жанындағы этномәдени бірлестіктердің жетекшілері, Түркістан облыстық «Қоғамдық келісім» КММ-нің басшылығы мен қызметкерлері, сондай-ақ БАҚ өкілдері қатысты.
Жиында сөз алған Түркістан облыстық қоғамдық даму басқармасының басшысы Аңсар Өсербаев өңіріміздегі қоғамдық келісімді нығайтуға бағытталған іс-шаралардың маңыздылығын тілге тиек етіп, қоғамдағы татулық пен бірлікті одан әрі нығайту қажеттігіне тоқталды.
– Қазіргі таңда Түркістан облысында түрлі деңгейдегі 191 Қоғамдық келісім кеңесі жұмыс істейді. Биыл Қоғамдық келісім кеңестерінде 24 мәселе қаралып, оның 20-сы шешімін тапты, 4 мәселенің шешу жолдары қарастырылуда. Бұл бағыттағы тиісті жұмыстар ары қарай нәтижелі жалғасады, – деді Аңсар Жаңабайұлы.
Сондай-ақ жиында Төлеби аудандық Қоғамдық келісім кеңесінің төрағасы Сейіт Бекмұрзаев 2021 жылы атқарылған жұмыстар туралы баяндады. Ал Түркістан облыстық Қоғамдық келісім кеңесінің төрағасы Созақбай Әбдіқұлов облыстық Қоғамдық келісім Кеңестерінің биылғы жұмысын қорытындылап, келесі жылға арналған жұмыс жоспарын таныстырды. Өз сөзінде Созақбай Исаұлы алдағы уақытта Елбасының мақаласынан бастау алған «Туған жер» бағдарламасының шеңберінде жергілікті кәсіпкерлер мен елге сыйлы қарияларды, жомарт жандарды игі істерге жұмылдыруды жандандыру керектігін, ортақ мақсаттағы бұл шараға баршамыздың белсенді атсалысуымыз қажеттігін жеткізді.
Жиында Түркістан облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы Қоғамдық келісім кеңесі төрағасының жаңа орынбасары таңдалып, бұл жауапты қызметке «Чернобыль ардагерлері және мүгедектері» республикалық қоғамдық бірлестіктігі үйлестіру кеңесінің төрағасы Бақытжан Әшірбаев бірауыздан сайланды.
Отырыс барысында ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай қоғамдық келісім мен бірлікті, татулық пен бейбітшілікті қамтамасыз етуде нәтижелі еңбектеніп жүрген бірқатар азаматтар мемлекеттік наградалармен марапатталды. Бұл ретте, өңіріміздің экономикасы мен әлеуметтік саласының дамуына қосқан үлесі үшін Түркістан қалалық өзбек этномәдени бірлестігінің төрағасы Бахадир Ирсметовке «Ерен еңбегі үшін» медалі табыс етілді. Сондай-ақ ел бірлігін нығайтуға, татулық пен келісімді сақтауға және рухани мәдениетті дамытуға қосқан елеулі үлесі үшін Түркістан облыстық ҚХА жанындағы Аналар кеңесінің төрайымы Дүйсенкүл Жамбылова ҚХА-ның қоғамдық «Бiрлiк» алтын медалiмен марапатталды.
Жиынды қорытындылаған басқарма басшысы А.Өсербаев елдің бірлігін сақтау және мемлекеттігімізді нығайту жолындағы іс-шаралар жүйелі жалғасатындығын айтып, бұл бағыттағы жұмыстарды бірлесе атқаруға шақырды.
– Бүгінгі басқосуымызда маңызды мәселелер көтерілді, алдағы атқарылар жұмыстарымызды пысықтадық. Түркістан облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы Қоғамдық келісім Кеңесінің жұмысына сәттілік тілеймін. Кеңес құрамы жаңадан жасақталды. Кеңес құрамына жаңадан алынған азаматтар алдағы уақытта Кеңестің жүйелі жұмыс істеуіне үлес қосады деген сенімдемін. Бұл жұмыстарды мемлекеттік және құқық қорғау органдарымен, үкіметтік емес ұйымдармен, оның ішінде жастар бірлестіктерімен бірлесе атқару мақсатымызға сай деп есептейміз. Біз осындай бірлесе атқарған жұмыстар арқылы азаматтарымыздың татулығы мен бірлігін, қоғамның қауіпсіздігі мен тыныштығын қамтамасыз етеміз. Қоғамдағы маңызды әлеуметтік мәселерді шешуге ықпал жасаймыз, – деді басқарма басшысы.
Ұқсас жаңалықтар
-
«Ассамблея жастары» белсенділері «Қоғамдық келісім» КММ қызметкерлеріне ұлттық ойындарды үйретті
-
Қарағандыда ҚХА Аналар кеңесінің төрағасы Назипа Ыдырысқызының қатысуымен бірқатар іс-шаралар өтті
-
Маңғыстау облысының Достық үйінде «Ақсақалдардың аталы сөзі» Ақсақалдар кеңесінің республикалық конференциясы өтті
-
ҚХА Төрағасының орынбасары Акбаржон Исмаиловтың Рамазан айының басталуымен құттықтауы
-
«Қазақстандық әзербайжандықтар ассоциациясы» Республикалық қоғамдық ұйымының төрағасы Әбілфас Хамедовтың 8-ші Наурыз халықаралық әйелдер күнімен құттықтауы
-
Көкшетауда ҚХА Аналар кеңесінің ұйымдастыруымен «Бұрымды қыз» байқауы өтті
27 Наурыз, 17:00
«Ұлттық құрылтайдың үшінші отырысында айтылған бастамаларды іс жүзінде іске асыру» тақырыбындағы дөңгелек үстел
22 Наурыз, 13:56
Маңғыстауда «Бірлік түбі береке» атты мерекелік шара өтті
26 Наурыз, 13:20
Алматыда Ұлыстың ұлы күні - Наурыз мейрамында қайырымдылық іс-шарасы өтті
вчера, 22:29
Алматы қаласындағы республикалық Достық үйінің ұйымдастыруымен Ұлттық құрылтай отырысына қатысушылармен республикалық онлайн семинар өтті
Ұқсас жаңалықтар
-
«Ассамблея жастары» белсенділері «Қоғамдық келісім» КММ қызметкерлеріне ұлттық ойындарды үйретті
-
Қарағандыда ҚХА Аналар кеңесінің төрағасы Назипа Ыдырысқызының қатысуымен бірқатар іс-шаралар өтті
-
Маңғыстау облысының Достық үйінде «Ақсақалдардың аталы сөзі» Ақсақалдар кеңесінің республикалық конференциясы өтті
-
ҚХА Төрағасының орынбасары Акбаржон Исмаиловтың Рамазан айының басталуымен құттықтауы
-
«Қазақстандық әзербайжандықтар ассоциациясы» Республикалық қоғамдық ұйымының төрағасы Әбілфас Хамедовтың 8-ші Наурыз халықаралық әйелдер күнімен құттықтауы
-
Көкшетауда ҚХА Аналар кеңесінің ұйымдастыруымен «Бұрымды қыз» байқауы өтті