27 Тамыз, 2022
3105
Түркістан: Шардарада ҚХА жанындағы қоғамдық келісім кеңесінің көшпелі отырысы өтті
Түркістан облысы Шардара ауданында Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы Қоғамдық келісім кеңесінің көшпелі отырысы өтті. Жиынды Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы Қоғамдық келісім кеңесінің төрағасы Созақбай Әбдіқұлов ашып жүргізіп отырды.
Келелі жиынға Шардара ауданы әкімінің орынбасары Нұрмаханбет Сапаров, Түркістан облысының қоғамдық даму басқармасы «Қоғамдық келісім» КММ-нің басшысы Эльмира Жанғазиева облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының бөлім басшысы Шері Оспанов, облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы басшысының орынбасары Азизхан Исмайлов және аудан, қалалардағы Қоғамдық келісім кеңестерінің төрағалары мен мүшелері қатысты.
Жиында сөз алған Э.Жанғазиева Қазақстан халқы Ассамблеясының Қоғамдық келісім кеңестері – маңызды мәселелерді талқылаудың, сындарлы шешімдер қабылдаудың әмбебап диалог алаңына айналғанын атап өтті.
–Қазақстан халқы Ассамблеясы Қоғамдық келісім кеңестері қызметінің тағы бір бағыты - қоғамдық келісімді, ұлттық бірлікті, қазақстандық бірегейлікті қалыптастыру мен дамытуда азаматтық институттардың, қоғамдық, саяси және басқа бірлестіктердің күш-жігерін шоғырландыру, олардың өзара іс-қимылының тиімділігін арттыру болып табылады. Кеңес мүшелері бұл бағытта да нәтижелі жұмыстар атқарып отырғанын айта кетуіміз керек, - деді Эльмира Ұласбекқызы.
Отырыс барысында күн тәртібіндегі «Қуатты өңірлер – ел дамуының драйвері» ұлттық жобаның орындалуы бойынша «Тұрғын үй-коммуналдық жағдайды жақсарту және тұрғын үй құрылысын дамыту» Шері Абдубакірұлы және «Көліктік байланысты қамтамасыз ету және өңірдің көліктік-транзиттік әлеуетін жоғарылату» тақырыптарында Азизхан Азимханұлы баяндама жасады.
Бұған дейін кеңес отырысы наурыз, маусым айларында Сарыағаш және Түлкібас аудандарында өткен болатын. Өткен жиындарда облыстық ауыл шаруашылығы мен облыстық кәсіпкерлік және сауда басқармасы, облыстық қоғамдық денсаулық басқармасы және облыстық адами әлеуетті дамыту басқармаларының жауапты мамандарының қатысуымен өзекті мәселелерді талқылаған болатын. Сол жиында ортаға салынған маңызды мәселелер бойынша ұсыныс-пікірлер тыңдалып, қазіргі таңда аталған басқармалармен нәтижелі жұмыстар атқарылуда.
Басқосу ары қарай сұрақ-жауап түрінде өрбіп, жиынға қатысушылар өзекті мәселелер төңірегінде өзара пікір алмасып, ойларын ортаға салды. Бұл ретте салалық басқармалар өкілдері сұрақтарға тұшымды жауаптар беріп, мәселелердің шешу бағыттарын түсіндірді. Алдағы уақытта облыстық Қоғамдық келісім кеңесі тарапынан қажетті қолдау жасай отырып, игі істерді бірлесе атқарамыз деген сенімдемін, - деді С. Әбдіқұлов.
Ұқсас жаңалықтар
-
Петропавл қаласында Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы Аналар кеңесінің кеңейтілген отырысы өтті
-
«Қазақстан халқы Ассамблеясының XXXIV сессиясында Президент жүктеген тапсырмалар аясында жастар бастамаларын талқылау» диалог алаңы өтті
-
Қазақстан корейлерінің қауымдастығы басқармасының өкілдері Ақмола облыстық ҚХА корей этномәдени бірлестік белсенділерімен кездесті
-
ҚЫЗЫЛОРДАДА ОБЛЫСТЫҚ АССАМБЛЕЯНЫҢ ХХVII СЕССИЯСЫ ӨТТІ
-
ҚХА Хатшылығының жұмыс отырысы: Алматы қаласы
-
Орталық Азиядағы алғашқы ашық халықаралық жеңіл атлетика турнирі ALATAU 2025 өтті
11 Шілде, 20:09
«Қазақстан халқы Ассамблеясының XXXIV сессиясында Президент жүктеген тапсырмалар аясында жастар бастамаларын талқылау» диалог алаңы өтті
14 Шілде, 16:11
Этнографиялық көрме: ортақ мұра – ортақ құндылық
14 Шілде, 15:03
Астанада «Вайнах» қауымдастығының белсенділері марапатталды
сегодня, 13:01