Қазақстан халқы Ассамблеясы

28 Тамыз, 2024

76

ТҮРКІСТАНДА ЭТНОСАРАЛЫҚ ҚАРЫМ-ҚАТЫНАС МӘДЕНИЕТІН НЫҒАЙТУ МАҚСАТЫНДА СЕМИНАР ӨТТІ

Іс-шараға ҚР Президенті Әкімшілігі ҚХА Хатшылығы меңгерушісінің орынбасары Ғалымжан Махан және ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі Этносаралық қатынастарды дамыту комитетінің төрағасы Ғалым Шойкин, сондай-ақ аймақтағы полиэтникалық мектептердің меңгерушілері, мұғалімдері мен психологтары қатысты.

Семинар мақсаты – Түркістан облысындағы түрлі этнос өкілдері тығыз шоғырланған аудандық, қалалық, облыстық білім беру ұйымдарының басшылары мен мамандарына әдістемелік және практикалық көмек көрсету.

Семинарға қатысушылар өзара пікір алмасып, этносаралық қатынастар саласындағы өзекті мәселелерді талқылады.


Кейін қарай

Ұқсас жаңалықтар

Ұқсас жаңалықтар