
21 Қаңтар, 2021
160
Түркістанда ҚХА жанындағы Медиация кеңесінің отырысы болды
Қазақстан халқы Ассамблеясы жанынан құрылған медиация кеңесінің негізгі мақсаты – медиация институтын дамыту және насихаттау арқылы оның жұмысын жүйелі түрде ұйымдастыру. Осы ретте ел бірлігі мен ынтымақтастығын нығайтып, тетігін тиімді пайдалану мақсатында Түркістанда Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы Медиация кеңесінің отырысы өтті. Оған облыстық басқарма басшыларының орынбасарлары, құқық қорғау органдарының өкілдері, кәсіби медиаторлар мен Жастар ресурстық орталығының директоры және БАҚ өкілдері қатысты.
Жиынға Түркістан облысы әкім аппараты басшысының орынбасары, Медиация кеңесінің төрағасы Ғани Рысбеков төрағалық етті. «Медиация – дауласқан қос тарапты татуластыратын тамаша мүмкіндік. Біз кез-келген даулы мәселелерді ушықтырмай шешетін кәсіби медаиторлардың жұмысын әлі де ширатуымыз керек. Қазір облыста бұл бағытта 300-ге тарта медиаторлар байламды жұмыс атқаруда» - деді Ғани Құрмашұлы.
Жалпы, Түркістан облысында ассамблея жанынан медиация кабинеті ашылып, медиация кеңесі құрылған. Онда өңірге қарасты қала мен аудан аумағындағы кәсіби және қоғамдық негіздегі медиаторлардың ықпалымен мыңдаған дау-дамайға нүкте қойылып, тараптар өзара келісімге келді. Осылайша жүйелі жұмыс жасап келе жатқан кеңес бүгінде барлық медиация орталықтарымен тығыз байланыс орнатуда. Осы бағытта сөз алған Түркістан облыстық сотының судьясы Бауыржан Тәңірбердиевтың айтуынша 2020 жылы 19654 іс аяқталған болса, соның 7,6 пайызы, яғни 1499 ісі татуластыру бойынша аяқталған.
Сонымен бірге, кеңесте аталған кабинеттің 2020 жылы атқарған ісшаралары туралы «Қоғамдық келісім» мекемесінің эксперт-медиаторы Д. Кенжеқұлова баяндап, медиацияның әлеуетін ұтымды пайдалана білу арқылы – ішкі бірлікті бекемдей алатындығымызбен ойын тұжырымдады. Басқосу соңында Түркістан облысы ҚХА жанындағы медиация кеңесінің 2021 жылға арналған жұмыстардың жоспары талқыланып, ұсыныс-пікірлері тыңдалды. Жиынға қатысушылар медиация жұмысын жетілдіру бағытында әр тоқсан сайын кеңесті тұрақты өткізіп тұруға уағдаласты.
Ұқсас жаңалықтар
-
Семейде үздік татар тағамы анықталды
-
Елорда Достық үйінде зағип жандар қоғамын қолдау шарасы ұйымдастырылмақ
-
Жамбыл облысында өткен Аналар кеңесінің отырысында әйелдің отбасындағы орны талқыланды
-
Қордайда славян этномәдени бірлестігінің 20 жылдығы аталып өтті
-
Қызылордада жағдайы төмен отбасыларға көмек көрсетілді
-
Таразда медиацияның ашық есік күні өтті
26 Ақпан, 15:19
Мағауия Қанапияұлы: «Алғыс айту – риясыз ризалықтың нышаны»
2 Наурыз, 11:36
Алғыс айту күніне орай бірнеше облыста мерекелік іс-шара өтті
26 Ақпан, 11:31
Нұр-Сұлтан қаласының Достық үйінде Алғыс айту күніне орай бірқатар іс-шара өтіп жатыр
1 Наурыз, 16:45
Қордай ауданында «Ұлы даланың ұлтаралық тілі» эстафетасы бастау алды
26 Ақпан, 16:21
Астанада Алғыс айту күнінің белгіленгеніне 5 жыл толуына орай ҚХА дөңгелек үстелі өтеді
САУАЛНАМА
-
Қазақстан халқы Ассамблеясы Аналар кеңесінің алғашқы республикалық форумы қашан өтті?
2011 жылдың 7 қыркүйегі 2013 жылдың 24 сәуірі 2014 жылдың 13 қарашасы
Ұқсас жаңалықтар
-
Семейде үздік татар тағамы анықталды
-
Елорда Достық үйінде зағип жандар қоғамын қолдау шарасы ұйымдастырылмақ
-
Жамбыл облысында өткен Аналар кеңесінің отырысында әйелдің отбасындағы орны талқыланды
-
Қордайда славян этномәдени бірлестігінің 20 жылдығы аталып өтті
-
Қызылордада жағдайы төмен отбасыларға көмек көрсетілді
-
Таразда медиацияның ашық есік күні өтті