
05 Мамыр, 2021
2847
Түркістанда сала үздіктері марапатталды
Түркістан облысы қоғамдық даму басқармасының ұйымдастыруымен Қазақстан халқы бірлігі күніне орай мерекелік жиын өтті.
Аталмыш шараға қоғамдық даму басқармасының басшысы Дамир Жүнісов, Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшелері, облыстық этномәдени бірлестік жетекшілері мен мүшелері, облыстық қоғамдық даму басқармасы «Қоғамдық келісім» мекемесінің басшылығы мен қызметкерлері қатысты.
Жиынды ашып берген басқарма басшысы Дамир Дәулетұлы:
- Бұл мейрамның Қазақстан халқы Ассамблеясы үшін маңызы зор. Себебі, Ассамблея – этносаралық келісім мен достықтың қазақстандық үлгісінің қалыптасуында жетекші рөл атқарады. Ассамблея мемлекеттік органдармен бірлесе отырып, қоғамдағы этносаралық келісімді және толеранттылықты дамытып қана қоймай, экстремизм мен радикализм көріністеріне қарсы әрекет, Қазақстан халқының мәдениеті, тілдері мен дәстүрлерінің өркендеуін, сақталуын, дамуын қамтамасыз етуді басты назарда ұстайды, - деп атап өтті.
Сонымен қатар, жиын барысында өңірімізде этносаралық тұрақтылықты сақтау, достық пен бірлікті насихаттау және Қазақстан халқы Ассамблеясының жұмысын үйлестіруге ерекше үлес қосып жүрген бірқатар азаматтарға облыс әкімі Ө.Шөкеевтің алғысхаттары табысталды.
Бүгінгі таңда Түркістан облысында 50-ге жуық ұлт пен ұлыстар мекен етеді. Халқының саны 2 миллионнан асатын Түркістан облысының 25%-ға жуық халқын өзге этнос өкілдері құрайды.
Өңірлік Ассамблеяның қызметін қамтамасыз ету бағытында қоғамдық даму басқармасына қарасты «Қоғамдық келісім» мекемесінің этнос өкілдері жинақы тұратын 8 ауданда (Мақтаарал, Сарыағаш, Сайрам, Төлеби, Жетісай, Келес, Түлкібас аудандары мен Кентау қаласы) филиалдары жұмыс істейді.
Олар жергілікті этнос өкілдері тығыз шоғырланған жерлерде әлеуметтік зерттеулер мен жұмыстар жүргізіп, ұлтаралық ахуалдың тұрақтылығының сақталуын қамтамасыз етуге үлес қосып келеді.
Ұқсас жаңалықтар
-
Астанада «Вайнах» қауымдастығының белсенділері марапатталды
-
ҚХА медиасаласын дамыту мәселелері бойынша жұмыс кездесуі өтті
-
Этномедиация саласындағы өңіраралық тәжірибе алмасу: бірлік пен келісімді нығайту
-
АСТАНАДА «МЫҢ БАЛА» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ БАЙҚАУЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗДАРЫ МАРАПАТТАЛДЫ
-
«САЛАУАТТЫ САНА» ЖОБАСЫ БОЙЫНША КЕЗДЕСУ ӨТТІ
-
Маңғыстау облысында ҚХА Аналар кеңесінің «Салауатты сана» жобасы ұсынылды
6 Қыркүйек, 22:51
Қордай аудандық Қазақстан халқы Ассамблеясының І сессиясы өтті
6 Қыркүйек, 11:28
Қарағанды облысында «Бірлік» халықаралық жастар лагері басталды
5 Қыркүйек, 22:32
ҚХА Төрағасының орынбасары Марат Әзілханов Батыс Қазақстан облысына жұмыс сапарымен келді
10 Қыркүйек, 17:29
Сергей Пономарев Қазақстанның орыс, славян және казак ұйымдары қауымдастығының басшысы болып сайланды
6 Қыркүйек, 16:48
Қазақстан халқы Ассамблеясының халықтық қолөнер фестивалі өтті
Ұқсас жаңалықтар
-
Астанада «Вайнах» қауымдастығының белсенділері марапатталды
-
ҚХА медиасаласын дамыту мәселелері бойынша жұмыс кездесуі өтті
-
Этномедиация саласындағы өңіраралық тәжірибе алмасу: бірлік пен келісімді нығайту
-
АСТАНАДА «МЫҢ БАЛА» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ БАЙҚАУЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗДАРЫ МАРАПАТТАЛДЫ
-
«САЛАУАТТЫ САНА» ЖОБАСЫ БОЙЫНША КЕЗДЕСУ ӨТТІ
-
Маңғыстау облысында ҚХА Аналар кеңесінің «Салауатты сана» жобасы ұсынылды