Қазақстан халқы Ассамблеясы

28 Мамыр, 2021

33947

Түркістанда саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алды

Түркістан қаласындағы «Ұлы дала елі» орталығында облыстық қоғамдық даму басқармасы «Қоғамдық келісім» КММ-нің ұйымдастыруымен 31 мамыр - Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күніне арналған жиын өтті.

Аталмыш шарада «Тағдыр қосқан туыстық» атты деректі фильм көрсетіліп, саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу мақсатында бір минуттық үнсіздік жарияланды.

Жиынды Түркістан облысының қоғамдық даму басқармасы басшысының орынбасары Сариев Дәурен Нұрланұлы жүргізді.


Жиында саяси қуғын-сүргін құрбаны, мемлекет қайраткері С.Қожановтың немере інісі Ходжанов Султанбек Сайдуллаұлы, Түркістан облыстық түрік этномәдени бірлестігінің мүшесі Юсупов Зикиролла Абдуллаұлы, Қ.А.Ясауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университетінің PhD докторы Әбдірасилов Тұрғанбай Кұрманбайұлы баяндама жасады.


Кейін қарай