Қазақстан халқы Ассамблеясы

25 Маусым, 2021

294

Түркістанда түркі елдері жастарының саммиті өтті

ҚР Ақпарат және қоғамдық даму Министрлігінің ұйымдастыруымен түркі елдері жастар көшбасшылары мен белсенділерінің «Түркістан - Түркі әлемінің бесігі» атты халықаралық саммитін өткізу аясында «Түркістан - бейбітшілік пен келісім қаласы» атты диалог алаңы өтті.


Спикерлер бейбітшілік пен келісімнің қазақстандық моделі мен Қазақстан халқы Ассамблеясы институтының жетістіктерін талқылады. Қатысушылар бүгінгі таңда ҚХА қызметі аясында жастармен кешенді жұмыс жасауға көп көңіл бөлінетінін, тиімді әлеуметтік лифтілер құрылғанын және Жастар бастамаларын әлеуметтік қолдау мүмкіндіктері кеңейтілгенін атап өтті.

- Қазақстан халқы Ассамблеясы Кеңесінің өткен отырысында ҚР Мемлекеттік хатшысы жастар бағытының жұмысын жандандыруға ерекше назар аударылатынын атап өтті. Осы мақсатта біз ҚХА қызметіне жастар ұйымдары мен азаматтық қоғамның басқа да институттарының көшбасшыларын тартамыз, сондай - ақ достық үйлерінің инфрақұрылымы Ұлттық еріктілер желісімен бірлесіп пайдаланылатын болады, - деді ҚХА кеңесінің мүшесі, «Жарасым» республикалық жастар ұйымының төрағасы Тимур Жұмырбаев өз сөзінде.

Саммитке және панельдік сессияның жұмысына Қырғызстан халқы Ассамблеясы жастар қанатының төрағасы Нұрсұлтан Бейшебаев қатысты. Спикер біздің елдеріміздің жастар ұйымдары арасындағы өзара іс-қимылдың жоғары тиімділігін атап өтіп, Қазақстан халқы Ассамблеясы мен Қырғызстан халқы Ассамблеясы арасындағы бірлескен жастар жобаларын әзірлеуге және іске асыруға сенім білдірді.

Сондай-ақ, диалог алаңының спикерлері «Nur Otan» партиясы жанындағы «Jas Otan» Жастар қанатының төрағасы Нұржан Жетпісбаев пен «Ұлан-Ғайыр Дала Елі» ҚБ директоры Уәлихан Бахретдинов болды. Жастар ұйымдарының көшбасшылары жастар ортасында қоғамдық келісімді сақтау және нығайту мақсатында ұйымдардың бірлескен өзара іс-қимылының маңыздылығын атап өтті.

«Жаңғыру жолы» жобалары туралы Алматы облыстық жастар қозғалысы өңірлік штабының төрайымы Руфина Усанова айтып берді. Ол жас кәсіпкерлерді қолдаудың жаңа шараларын құруға мүмкіндік берген «жастар синергиясы» және «жаңа толқын 100+» жобаларының тәжірибесін атап өтті. Сондай-ақ, спикер өңірлік деңгейде сәтті жүзеге асырылған жобалар туралы айтты. Түркі елдеріндегі жастар қоғамдастығы интеграциясының өзектілігі туралы Дүниежүзілік түріктер Одағы -ахыска «DATUB» төрағасының орынбасары Расул Ахметов өз пікірімен бөлісті. Сондай-ақ панельдік сессияның спикері жас кәсіпкер, «Global coffee» кофе-барлар желісінің негізін қалаушы Аят Азимов болды. Ол Түркістанның инвестициялық тартымдылығының өсуін және өңірдегі жас кәсіпкерлер үшін ашылатын жаңа мүмкіндіктерді атап өтті.

Қазақстан халқы Ассамблеясы ұйымдастырған пікірталас алаңына қатысушылар өз жобалары туралы айтып, ҚХА жастар қозғалысының қызметіне қатысты пікірлерімен бөлісті. Спикерлер қоғамдық келісімді сақтау бойынша бірлескен жұмыстың, сондай-ақ жастар қоғамдастығын Ассамблея қызметіне тартудың маңыздылығына сенім білдірді.

Кейін қарай