18 Қараша, 2016
788
Тәуелсіз Қазақстан» поезды штабының Ақтөбе облысы Хромтау қаласындағы жұмысы
2016 жылдың 17 қарашасы күні «Тәуелсіз Қазақстан» поезы Хромтау қаласы тұрғындарымен жұмысын жалғастырды. Жұмыс барысы «Қайырымдылық керуені» республикалық акциясы аясында қаладағы отбасылық типтегі балалар үйіне барумен басталды. Балалар үйінде әртүрлі жастағы 8 бала тәрбиеленеді. Акция қатысушылары балақайлармен кездесіп, естелік сыйлықтарын табыс етті.
Сонымен қатар Тау-кен техникалық колледжінде Қазақстан Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған «25 жылдың белестері» тақырыбында лекция-таныстырылым өтті. Дәріс барысында Тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктер туралы ақпаратты қамтыды. Аталған дәріске мемлекеттік органдардың басшылары, аудан жастары, зейнеткерлер қатысты. Дәріс барысында тәуелсіз Қазақстан пойызына көптеген хромтаулықтар толғандырған сауалдарына жауап алды.
Хромтау қаласында екі күнде Қазақстан Республикасының 25 жылдығына арналған «Тәуелсіз Қазақстан» поезының штабы үлкен жұмыс атқарды. Еліміздің жетекші медицина мамандары 501 хромтаулықты қабылдап, оның 39-ына Алматы және Астана қалаларына ем-шара алуға жолдама берілсе, 27 науқасқа жергілікті емханадан ем-дом алуға нұсқау берілді.
Әлеуметтік сала бойынша барлығы 8 азаматты жеке сұрақтарымен қабылдады. Олардың көкейтесті мәселесі «Жол картасы 2020» бағдарламасына қатысты болды. Құқық саласы бойынша 3 адам мүлікті заңдастыру, жалға алған мүлікті тіркеу қажет пе деген сұрақтарымен келді. Кәсіпкерлік саласы бойынша 8 азамат толғандырған сауалдарына жауап алды. Олардың басым бөлігі кәсібін ашуға талпыныс жасаушылар болды. Мәселен, Алтынгүл Дликина азық-түлік дүкенін ашқысы келеді. «Кең дала» бағдарламасы бойынша несие алу туралы ақпарат алды.
Нұр Отан партиясының қоғамдық қабылдауы бойынша алты адамның шағымы тыңдалды.
Жеке сұрақтарымен келген тұрғынның бірі Өмірбаев Алдаберген осыдан бірнеше жыл бұрын бүйрек ауруына шалдығыпты.
- Облыс орталығына ем-шара алу үшін осындай диагноз қойылған 14 адам қатынаймыз. Осы аппаратты Хромтау аудандық ауруханасына алдырып берсеңіз деп өтінді.
Тұтынушыларды құқығын қорғау департаментіне жеке сұрақтарымен келген халықтың қарасы қалың болды.
Мұнда 30- ға тарта хромтаулықтың сұрағы тыңдалып, мүмкіндігінше жауаптары берілді.
Акция мерекелік концертпен қорытындыланды.
«Ақтөбе облысы әкімінің аппараты» ММ
«Қоғамдық келісім» КММ баспасөз қызметі
Ұқсас жаңалықтар
-
Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары - ҚХА Хатшылығының меңгерушісі Марат Әзілхановтың Тәуелсіздік күнімен құттықтауы
-
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Тәуелсіздік күнімен құттықтауы
-
Қостанай облысы ҚХА Этномедиация кеңесінің мүшелері 2024 жылғы жұмысын қорытындылады
-
ҚХА Төрағасының орынбасары Түркістан облысы тәжік этномәдени бірлестігінің төрағасымен кездесті
-
ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫНДА «ТІЛ МЕКТЕБІ» ЖОБАСЫ ӨТТІ
-
ҚХА Төрағасының орынбасары Ақмола облысының этномәдени бірлестіктерінің басшыларымен кездесті
Ұқсас жаңалықтар
-
Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары - ҚХА Хатшылығының меңгерушісі Марат Әзілхановтың Тәуелсіздік күнімен құттықтауы
-
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Тәуелсіздік күнімен құттықтауы
-
Қостанай облысы ҚХА Этномедиация кеңесінің мүшелері 2024 жылғы жұмысын қорытындылады
-
ҚХА Төрағасының орынбасары Түркістан облысы тәжік этномәдени бірлестігінің төрағасымен кездесті
-
ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫНДА «ТІЛ МЕКТЕБІ» ЖОБАСЫ ӨТТІ
-
ҚХА Төрағасының орынбасары Ақмола облысының этномәдени бірлестіктерінің басшыларымен кездесті