
19 Қараша, 2016
740
«Тәуелсіз Қазақстан» пойызы Ақжайықта жетті
Ел тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай жолға шыққан «Тәуелсіз Қазақстан» пойызы Орал қаласына келді.
Республикалық шараға қатысушыларды Ақ Жайық жұртшылығы темір жол вокзалынан құрметпен қарсы алды. Темір жол вокзалының алаңында өткен салтанатты шарада БҚО әкімінің орынбасары Бағдат Азбаев мәртебелі меймандарға қош келдіңіз айтып, ел тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай қолға алынған мұндай шаралардың мәні зор екендігін атап көрсетті. «Жиырма бес жыл ішінде еліміз қол жеткізген көптеген табыстарды баяндап, Елбасының «100 нақты қадам» Ұлт жоспарын, «Мәңгілік ел» идеясын халыққа жеткізу мақсатында белгілі қоғам қайраткерлері, бірқатар министрліктер өкілдері мен түрлі сала мамандары, Мәжіліс депутаттары келіп отыр. Олар тұрғындармен кездесіп, елімізде атқарылған нақты істерді мәлім етіп, өз ой-толғамдарымен бөліспек», - деді Б.Азбаев.
«Еліміздің батыс қақпасы саналатын Оралға келгенімізге қуаныштымыз. Біз Батыс Қазақстан десек, көне тарихымызға көз жүгіртеміз. Кешегі қанқұйлы соғыста майданға аттанып, батыр атанған, сөйтіп халқымыздың атын шығарып, рухын шыңдаған Мәншүк Мәметова сынды қыздарымызбен мақтанамыз. Батыс Қазақстан дегенде, Бақытжан Қаратаев сынды Алаштың туын көтерген алып тұлғалар еске түседі.
Тәуелсіздігіміздің 25 жылдық торқалы тойын атап өтер тұста Астанадан Елбасы тапсырмасымен, Қазақстан халқы Ассамблеясының қолдауымен шыққан «Тәуелсіз Қазақстан» пойызы халық пен биліктің, ел мен үкіметтің арасындағы көпір іспеттес. Біз халықпен бірге болайық, әлеуметтік мәселелері болса, соны шешейік деп келдік», - деді «Тәуелсіз Қазақстан» пойызы штабының жетекшісі, тарих ғылымдарының кандидаты, Л.Гумилев атындағы ЕҰУ халықаралық қатынас кафедрасының профессоры Әміржан Әлпейісов.
***
Орталық коммуникациялар өңірлік филиалында өткізілген брифингте аталған пойыз штабының жетекшісі, тарихшы-ғалым, Л.Гумилев атындағы ЕҰУ-дың профессоры Әміржан Әлпейісов және ҚХА депутаттық корпусының төрағасы, ҚР Парламенті Мәжілісі V шақырылымдағы депутаты Егорь Каппель қатысты. Онда Әміржан Әлпейісовтің атап өткеніндей, биыл қазақ халқы үшін, барша қазақстандықтар үшін ерекше жыл. Осынау ұлан-байтақ жерді қол бастаған батырларымыз білектің күшімен, найзаның ұшымен қорғаса, хан-билеріміз тапқыр сөздерімен, бірегей шешімдерімен даналық танытты. Астанадан 1 қарашада шыққан «Тәуелсіз Қазақстан» пойызы 14 желтоқсанда Алматыда мәре сызығын қимақ. «Біз осы 43 күнде 35 қала мен ауылда болып, қызмет көрсетеміз. Бұл пойызды «әлеуметтік пойыз» деп те атауға болады. Себебі халыққа әлеуметтік көмек көрсетіп, күрмеулі мәселелерін шешуді басты назарда ұстаймыз. Осы уақытқа дейін біздің қабылдауымызда 27 509 адам болды. Оның ішінде 5 771 адам дәрігерлік көмек алды. 3 650 адам түрлі министрліктердің көмегіне ие болды. Ауылдық жерлерде болып, халықпен кездесіп, олардың шешілмеген мәселелерін қарастырып, медициналық көмек көрсетіп, қажет деп тапқан жағдайда ауыр науқастарға Астана, Алматы қалаларында емделуге жолдама табыстап, мамандарымыыз денсаулық сақтау, білім, экономика, өзге де салалар бойынша ақыл-кеңес беріп келеді. Бір аңғарғанымыз, әлеуметтік көмек мәселесі қалаларда жолға қойылғанымен, ауылдарда бұл бағыттағы жұмыстар кенжелеп қалған. Енді, міне, тарихы бай, қазыналы Ақ Жайық өңірімен танысып жатырмыз. Бұдан да ой түйіп, шешілмеген мәселелері болса, назарда ұстап қайтатын боламыз. Ең бастысы, халықпен көбірек пікірлесіп, көкейіндегіні біліп, кейбір көмекке мұқтаж жандарға қолұшын соза алсақ, мақсатымыздың орындалғаны», - деді Әміржан Әлпейісов.
Брифинг барысында Егор Каппель Қазақ елінде бүгінгі таңда мемлекеттік тілді меңгеруге барынша ден қойылып жатқанын, бұған барша ұлт өкілдерінің көзқарасы түзу екендігін айтып, шынайы патриоттық тәрбие өзің өмір сүретін елдің тілімен қатар мәдениетін, салт-дәстүрін біліп, қиын-қыстау кезеңде елі мен жерін қорғай білген Абылай хан, Қабанбай, Қарасай сынды ұлы тұлғаларды мақтан тұтып, терең құрметтеуден басталатынын жеткізді.
***
Пойыздың бірінші күні Орал қаласында өткен Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған "Менің елім – Мәңгілік ел" жалпыреспубликалық жастар акциясымен тұспа тұс келіп жастарға патриоттық рух берді деп айтуға болады.
Орал қаласында Қазақстан халқы Ассамблеясы ұйымдастырған акция – елдің Тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктерін айшықтауға, «Мәңгілік ел» жалпыұлттық идеясын насихаттауға, жастардың және халықтың бірлігін нығайтуға бағытталған. Сөз алған облыс әкімінің орынбасары Бағдат Азбаев, «Тәуелсіз Қазақстан» пойызының жетекшісі Әміржан Әлпейісов жастар арасында қазақстандық патриотизмді қалыптастыруға, «Мәңгілік ел» акциясын қолдауға шақырды.
Акция барысында облыс жастарының жетістіктері мен ой-пікірлері жазылған «Мәңгілік ел» жастарының жетістіктері – Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына» кітабы Ақтөбе облысының өкіліне тапсырылды.
«Қоғамдық келісім» мемлекеттік коммуналдық
мекемесінің баспасөз қызметі
Ұқсас жаңалықтар
-
«Бейбітшілік пен келісім үшін бірге жеңіске жеттік» тақырыбында халықаралық стратегиялық сессия өтті
-
СҚО-да «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы жалғасуда
-
Маңғыстау облысында «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы жалғасуда
-
Ақмола облысы «Таза Қазақстан» акциясының аясында сенбілік өткізді
-
«ТАЗА ҚАЗАҚСТАН»: АССАМБЛЕЯ ЖАСТАРЫМЕН
-
«Таза Қазақстан» Республикалық экологиялық акциясы шеңберінде сенбілік өтті
Ұқсас жаңалықтар
-
«Бейбітшілік пен келісім үшін бірге жеңіске жеттік» тақырыбында халықаралық стратегиялық сессия өтті
-
СҚО-да «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы жалғасуда
-
Маңғыстау облысында «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы жалғасуда
-
Ақмола облысы «Таза Қазақстан» акциясының аясында сенбілік өткізді
-
«ТАЗА ҚАЗАҚСТАН»: АССАМБЛЕЯ ЖАСТАРЫМЕН
-
«Таза Қазақстан» Республикалық экологиялық акциясы шеңберінде сенбілік өтті