Қазақстан халқы Ассамблеясы

05 Желтоқсан, 2016

847

«Тәуелсіз Қазақстан» пойызының делегаттары қоғамдық қабылдау өткізді

4 желтоқсан күні «Тәуелсіз Қазақстан» пойызының делегаттары Достық үйін аралап, қоғамдық қабылдау өткізді. Оған облыс әкімінің орынбасары Руслан Рүстемов, Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің «Халықаралық қатынастар» кафедрасының профессоры Әміржан Әлпейісов, ҚХА мүшесі, Астана қалалық Қоғамдық кеңесінің мүшесі, ф.ғ.д, профессор Қазбек Қазкенов, Республикалық Достық үйі медиация кабинетінің меңгерушісі, кәсіби медиатор Нұрсәуле Әлтекова, Жамбыл облыстық «Радонеж» орыс қауымдастығының басқарма мүшесі, «Қоғамдық келісім» КММ-нің бас сарапшысы Лариса Лысова және өзге де сала мамандары қатысты.

Қоғамдық қабылдауда қала тұрғындары пойыз делегаттарына өздерін толғандырған сұрақтарын қойды. Сұрақтардың көбісі тұрғын үй, денсаулық, медиация, әлеуметтік салаларға байланысты болды. Қабылдауға қатысқан әрбір тұрғын өзінің сұрағына сәйкес тиісті жауабын ала алды.

Облыстық Қазақстан халқы

ассамблеясының баспасөз қызметі

Кейін қарай

Ұқсас жаңалықтар

Ұқсас жаңалықтар