20 Мамыр, 2016
1222
«Тәуелсіздік. Келісім. Болашағы біртұтас ұлт»
1995 жылғы 1 наурызда Қазақстан Республикасының Президенті қазақстандық қоғамда бейбітшілік пен келісімді сақтау үшін қызмет ететін бірегей институт – Қазақстан халқы ассамблеясын құру туралы Жарлыққа қол қойды. Қазақстан халқы ассамблеясы жалпыазаматтық органға, барша халық өкілеттік ететін институтқа айналды.
17 мамыр Петропавл қаласындағы облыстық балалар мен жасөспірімдер шығармашылығы орталығында Солтүстік Қазақстан облыстық Қазақстан халқы ассамблеясының «Тәуелсіздік. Келісім. Болашағы біртұтас ұлт» атты XXI сессиясы өтті.
Музыкалық аспаптар, суреттер және әшекейлер. Мәдениеттер көрмесі холда орын алды. Бүгін әр қатысушы ұлттық киім киген. Өңір басшысы атап өткендей, «біздің республикамыздың басты құндылықтары – бейбітшілік пен келісім». Олардың кепілгері ретінде 20 жыл бойы ел халқы Ассамблеясы қызмет атқарып келеді.
Қазақстан халқы ассамблеясының сәуір айында өткен 24 сессиясы сөз болды. Біздің облыс атынан барған делегацияның құрамы едәуір болды. Бұл кездесуде Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев бірлікті нығайту жөніндегі міндеттерді тағы да алға тартты. Біздің облыста мұндай жұмыстар белсенді түрде жүргізілуде.
Облыстық Қазақстан халқы ассамблеясы хатшылығының меңгерушісі Наиль Салимов өткен іс-шараларға қорытынды жасады. Омбы қаласындағы «Мөлдір» Сібір қазақ мәдениеті орталығының төрайымы Алтынай Жүнісова Президентіміздің Қазақстан халқы ассамблеясының жұмысын реттеуге және жақсартуға бағытталған саясатын жоғары бағалап өтті.
Сессия қатысушыларына облыстық Қазақстан халқы ассамблеясы төрағасының жаңа орынбасары таныстырылды. Ол - «Кентрон» армян этномәдени бірлестігінің басшысы Геворг Геворкян. Кейін облыс әкімі Ерік Сұлтанов бірлік пен достықты нығайтуға елеулі үлес қосқан солтүстік қазақстандықтарға лайықты марапаттар табыстады. Сайдар Гайсин татар-башқұрт орталығын және туған өлкені дамытуға қосқан үлесі үшін «Бірлік» медаліне ие болды. Александр Гамершмидт облыс әкімінен алғыс хат алды.
Солтүстік Қазақстан облыстық Қазақстан халқы ассамблеясының XXI сессиясының жұмысына Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты О.В. Перепечина, облыстық, аудандық және ауылдық этномәдени бірлестіктердің өкілдері, мемлекеттік органдар басшылары және жұртшылық өкілдері қатысты.
Ресми бөлім аудандық шығармашылық ұжымдардың және этномәдени бірлестіктердің концерттік бағдарламасымен тәмамдалды.
«Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің аппараты» ММ
«Қоғамдық келісім» КММ баспасөз қызметі
Ұқсас жаңалықтар
-
«Құрмет пен төзімділік қоғамды бейбітшілікке, келісім мен дамуға апаратын жол. Өзара құрмет құндылықтары»
-
Париж қ. ЮНЕСКО-ның штаб-пәтерінде ҚХА қоғамдық келісім мен этносаралық бірлікті нығайту бағытындағы қызметінің тұңғыш рет таныстырылымы өтті
-
«Қазақстан халқы Ассамблеясы: татулық пен келісімнің 30 жылы» көрмесінің салтанатты ашылуы өтті
-
«Бейбітшілік пен келісім үшін бірге жеңіске жеттік» тақырыбында халықаралық стратегиялық сессия өтті
-
«Қазақстандағы бірлік пен ынтымақтастық саясаты: тәжірибесі мен болашағы» халықаралық ғылыми-практикалық конференциясы
-
Этномедиация саласындағы өңіраралық тәжірибе алмасу: бірлік пен келісімді нығайту