Қазақстан халқы Ассамблеясы

28 Қараша, 2016

869

Тәуелсіздік жылдарындағы этномәдени бірлестіктер жетістіктерінің көрмесі

Бүгін  петропавл қаласындағы Достық үйінде Тәуелсіздік жылдарындағы этномәдени бірлестіктер жетістіктерінің көрмесі болды.

 Көрменің негізгі мақсаты – жалпыұлттық бірлік пен мәдениеттің алуан түрлілігінің қазақстандық үлгісін ашу. Көрмеге келген қауым Солтүстік Қазақстан облыстық Қазақстан халқы ассамблеясы этномәдени бірлестіктерінің негізгі қызметімен және жетістіктерімен танысты, белорусс, татар, армян, тәжік, әзірбайжан этномәдени орталықтары ұйымдастырған қолданбалы өнер көрмесі көрерменнің қызығушылығын тудырды.

 Қолданбалы халық шығармашылығы шеберлері өз бұйымдарын – қолдан жасалған бұйымдар, суреттер және киізден, былғарыдан, ағаштан жасалған тұрмыстық заттар мен киім-кешек, қыш бұйымдар және басқаларын паш етті. Бүгінгі таңда Ассамблея этносаралық келісім мен толеранттылықты одар әрі нығайту үшін қолайлы жағдайлар жасауға мүмкіндік береді.

«Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің аппараты» ММ

 «Қоғамдық келісім» КММ баспасөз қызметі

Кейін қарай