25 Қазан, 2016
1764
«Тәуелсіздікке 25 жыл: Армандар орындалады» дөңгелек үстелі
20 қазан 2016 жылы сағат 14.30 да Алматы қаласындағы Достық үйінде ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған дөңгелек үстел өтті.
Дөңгелек үстел жұмысына Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары Леонид Питаленко, Қазақстандағы «Барбанг» күрдтер қауымдастығының президенті, академик Князь Мирзоев, Қазақстан халқы Ассамблеясның мүшелері, республикалық және қалалық этномәдени бірлестіктердің жетекшілері, мемлекеттік мекеме өкілдері, шығармашылық және ғылым саласындағы зиялы қауым өкілдері, Алматы қаласының қоғамы, жастар және БАҚ өкілдері қатысты.
Іс-шараға қатысушылардың бірі, Қазақстандағы «Барбанг» күрдтер қауымдастығының президенті, академик Князь Мирзоев өз сөзінде: «25 жыл ішінде күрд диаспорасындағы адам саны 100 мыңға жетті. Олардың әрқайсысы түрлі мамандықты игеріп, еліміздің өркендеуіне өз үлестерін қосуда. Мұның негізінде ұлтаралық келісім, экономикалық тұрақтылық пен Елбасы Н.Назарбаевтың сарабдал саясаты жатыр. Бүгін біз Тәуелсіздіктің 25 жылдығын тойлай отырып мақтаныш сезімімен алдағы үлкен мақсаттарға аяқ басудамыз», - деді.
Іс-шара барысында «Барбанг» күрдтер қауымдастығының тәуелсіз Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық дамуына қосқан үлесі талқыланды.
Іс-шара ұйымдастырушылары – Қазақстандағы «Барбанг» күрдтер қауымдастығы.
***
Қазақстандағы «Барбанг» күрдтер қауымдастығының негізгі қызметтік бағыты күрдтердің салт-дәстүрін дамытып, тілі мен тарихын сақтау арқылы Қазақстан халқы Ассамблеясының идеясын іске асыру, этностық мәдениеттердің өзара баюына жәрдемдесу, елдер арасындағы ынтымақтастықты дамыту.
Қазақстандағы «Барбанг» күрдтер қауымдастығы 1993 жылы құрылды. Қауымдастық 2013 жылғы 15 қаңтарда республикалық қоғамдық бірлестік ретінде қайта тіркеуден өтті. Қазіргі уақытта қауымдастықтың Алматы, Астана және Талдықорған қалаларында, Солтүстік Қазақстан, Қарағанды, Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл, Ақмола, Алматы облыстарында филиалдары бар.
Ұқсас жаңалықтар
-
Алматы қаласындағы Достық үйінде Қазақстан халқы Ассамблеясы республикалық Аналар кеңесінің дөңгелек үстел өтті
-
Орталық Азиядағы алғашқы ашық халықаралық жеңіл атлетика турнирі ALATAU 2025 өтті
-
Ә.Қайырбек Гималай шыңында күй орындап, ҚХА 30 жылдығымен құттықтады
-
ТҮРКІСТАН: ТӨЛЕБИДЕ ҚХА-НЫҢ 30 ЖЫЛДЫҒЫНА ОРАЙ ДҮБІРЛІ КӨКПАР ОЙЫНЫ ӨТТІ
-
«Қазақстан халқы Ассамблеясы: бірлік пен дамудың үш онжылдығы» халықаралық дөңгелек үстел өтті
-
Алматы қаласында республикалық Достық үйі ҚХА 30 жылдығына орай дөңгелек үстел өткізді
25 Шілде, 21:04
«TEATR-ALL» театрының «QUTQAR MENI» атты психологиялық драмасы көрерменге ұсынылды
28 Шілде, 11:13
Алматы қаласындағы Достық үйінде Қазақстан халқы Ассамблеясы республикалық Аналар кеңесінің дөңгелек үстел өтті
30 Шілде, 15:10
ҚХА Төрағасының орынбасары Марат Әзілханов Халықаралық достық күнімен құттықтады