Қазақстан халқы Ассамблеясы

07 Ақпан, 2020

2098

«Тұңғыш Президент жолымен» халықтық экспедициясының күнделігі мен туы Қарағанды облысына тапсырылды

Бүгін Алматы облысы Қарасай ауданы Шамалған ауылында өтіп жатқан Қазақстан халқы Ассамблеясының «Тұңғыш Президент жолымен» халықтық экспедицияның салтанатты басталуында Алматы облысының әкімі А.Баталов бұған дейін Тұңғыш Президент күні қарсаныңда ҚХА Төрағасының орынбасары Ж.Түймебаевтан қабылдаған экспедицияның күнделігі мен туын Қарағанды облысына тапсырды.

Айта кету керек, Қазақстан халқы Ассамблеясының 25 жылдық мерейтойы аясында ұйымдастырылған «Тұңғыш Президент жолымен» халықтық экспедицияның ашылу салтанаты бүгін Елбасы туып-өскен Шамалған ауылында өтуде.

Аталмыш шараға Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары – Хатшылық меңгерушісі Ж.Түймебаев, Қазақстан Республикасының Парламент депутаттары, қоғам қайраткерлері, зиялы қауым өкілдері қатысуда.


«Қазақстан халқы Ассамблеясының 25 жылдығының беташары болған осы игі шараның біздің Жетісу жерінен, соның ішінде Елбасының туған жері Шамалған ауылынан басталғаны – біз үшін зор мақтаныш.

Тұңғыш Президентіміздің бастамасымен дүниеге келген Қазақстан халқы Ассамблеясы бүгінде беделі биік, абыройы зор, ел бірлігін нығайтудағы рөлі ерекше ұйымға айналды.

Әлемде теңдесі жоқ бұл құрылым Тұңғыш Президентіміздің көреген көшбасшы, стратег саясаткер екендігін тағы бір мәрте айқындады. Қазіргі кезде бүкіл әлемде Нұрсұлтан Назарбаев есімі «Бірлік», «Бейбітшілік», «Келісім» ұғымдарымен тең қабылданатыны да сондықтан», - деді құттықтау сөз сөйлеген Алматы облысының әкімі А.Баталов.


Амандық Ғаббасұлы экспедицияның жас ұрпақ үшін берері мол болатындығына сенімділік білдірді.

«Елбасы бастамасымен іске асырылған мемлекеттік бағдарламалар мен жүргізілген жүйелі реформалардың нәтижесінде ел аумағында ауқымды экономикалық өзгерістер жүзеге асырылды. Бұл өз кезегінде қазақстандықтардың әл-ауқатын арттырып, еліміздің оң имиджін қалыптастыруға ықпал етті. Бүгінде Елбасының сара жолын Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев лайықты жалғастырып келеді. Тәуелсіз Қазақстанның жетістіктеріне Алматы облысы тұрғындарының да қосып отырған үлесі зор», - деген Амандық Ғаббасұлы Елбасының бастамасымен қол жеткізген табыстар туралы баяндады.


«Тұңғыш Президент жолымен» халықтық экспедицияның күнделігі мен туы бұған дейін Алматы облысында сақталып келді. Экспедиция символдарын Амандық Ғаббасұлына «1 желтоқсан – Тұңғыш Президенті күнінің қарсаңында Жансейіт Қансейітұлы салтанатты түрде тапсырған болатын.


Кейін қарай