
30 Қыркүйек, 2022
599
Тәжіктердің республикалық этномәдени орталығы «достық» кубогын ұйымдастырды
Түркістан облысы Мақтаарал ауданында футболдан жасөсіпірімдер және оқушылар арасында достық турнирі өтті. Бірлік пен достыққа үндеген спорттық шараны Тәжіктердің республикалық этномәдени орталығының ұйымдастырылуымен болды.
Бірінші орынды Қ.Үкібаев атындағы мектептің ойыншылары иеленді.
Іс-шараның мақсаты этностар тығыз қоныстан жерлерде жастардың патриоттық сезімін ояту, салауатты өмір салтын насихаттау. Турнирге этникалық тегіне қарамастан барлық жасөспірімдер мен оқушылар қатысты. Өз мектептерінің намысын қорғады. Жалпы 17 команда 4 топқа бөлініп, мықтыларды анықтау мақсатында шеберлік байқасты. Топтық кезең ойындары айналым жүйесі бойынша өтті. Әрқайсысынан үздік атанған екі команда ширек финалға жолдама алды. Әрі қарай плей-офф әдісі бойынша өткізілді.
Тартысқа толы турнирде үшінші орынды №8 О.Бапышев атындағы орта мектеп, екінші орынды С.Айни атындағы №55 мектеп иеленсе, Қ.Үкібаев атындағы жалпы орта мектептің ойыншыларына тең келер қарсылас табылмады.
- Турнирдің достық деп аталуында үлкен мән бар. Барлықтарыңыз бір үйдің балаларындай тату, қамқор болып, елдің көркеюуіне үлес қосатын азамат болыңыздар. Алаңда әрбір кездесу тартысты өтті. Жеңіске жету үшін жандарыңызды салдыңыздар. Ал өмірде жаңа дос таптыңыздар. Достықтарыңыз мәңгі болсын, - деп тілегін білдірді. Тәжіктердің республикалық этномәдени орталығының төрағасы Акбаржан Исмаилов.
Айта кетейік, Достық кубогына Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының Орынбасары – Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі Қазақстан халқы Ассамблеясы хатшылығының меңгерушісі Марат Әзілханов қатысты. Ол номинациялардың барлық қатысушыларды жеңістерімен құттықтап, кубоктар мен, медальдар табыстады.
Ұйымдастырушылар жүлделі орын иеленген командаларға қаржылай сыйлықтармен, кубок, медаль табыстады. Айта кетейік, бірінші орынға 150 мың, екінші орынға 100 мың, үшінші орынға 75 мың теңге берілді.
Ұқсас жаңалықтар
-
Алматы қаласында V Республикалық Ақсақалдар кеңесінің форумы өтті
-
ҚХА республикалық этномәдени бірлестіктерімен өзара іс-қимылына жауапты ретінде С. Пономарёв тағайындалды
-
Астанада республикалық «Бірлік жүгірісі» өтті
-
«Ассамблея жастары: Жаңа толқын, жасампаз буын»тақырыбында Қазақстан халқы Ассамблеясы III Республикалық жастар сессиясы өтті
-
ҚХА шығармашылық ұжымдарының республикалық фестивалі өтті
-
Сыр елі – достық мекені» республикалық жастар форумының пленарлық отырысы өтті
24 Маусым, 17:05
Астанада БАҚ қызметкерлері күні қарсаңында ҚХА салтанатты отырысы өтті
25 Маусым, 18:05
ҚХА Хатшылығында жұмыс отырысы: Жетісу облысы
27 Маусым, 16:01
Көкшетауда Журналистер клубының кезекті отырысы өтті
вчера, 16:36
ҚХА Хатшылығында жұмыс отырысы: Солтүстік Қазақстан облысы
27 Маусым, 14:52
Қазақстан халқы Ассамблеясы Аналар кеңесінің ZOOM форматында жұмыс отырысы өтті
Ұқсас жаңалықтар
-
Алматы қаласында V Республикалық Ақсақалдар кеңесінің форумы өтті
-
ҚХА республикалық этномәдени бірлестіктерімен өзара іс-қимылына жауапты ретінде С. Пономарёв тағайындалды
-
Астанада республикалық «Бірлік жүгірісі» өтті
-
«Ассамблея жастары: Жаңа толқын, жасампаз буын»тақырыбында Қазақстан халқы Ассамблеясы III Республикалық жастар сессиясы өтті
-
ҚХА шығармашылық ұжымдарының республикалық фестивалі өтті
-
Сыр елі – достық мекені» республикалық жастар форумының пленарлық отырысы өтті