Қазақстан халқы Ассамблеясы

05 Ақпан, 2016

2337

Таңғы жаттығу жасадық !

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай, Ақмола облысының кәсіптік білім беретін оқу орындарының 200-ге жуық студенттері  «Таңғы жаттығу» атты флэшмоб акциясын ұйымдастырды. Достық үйінің алдында өткен акцияның негізгі ұйымдастырушылары: Ақмола облысы әкімі аппараты жанындағы «Қоғамдық келісім» мекемесі мен Көкшетау қаласының жастар ресурстық орталығы.

Флешмоб акциясының негізгі мақсаты: Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдық мерейтойын атап өту, жастарға патриоттық рухта тәрбие беру, елі мен Отанға деген сүйіспеншілігін арттыру болып табылады. Жастар ресурстық орталығының жетекшісі Гүлім Бегалина: «Бұл іс-шара дәстүрлі түрде облыс бойынша ұйымдастырлып тұрады. Биылғы жыл түрлі мерейтойлық даталарға толы, сондықтан жастарды отансүйгіштікке тәрбиелеу мақсатында осындай іс-шараларды ұйымдастыруды жөн деп санаймыз»,- деді.

Акция барысында колледж студенттері  Қазақстан халқы Ассамблеясының эмблемасы бейнеленген ақ футболка киіп, түрлі әуенге бірдей қимылдап, бірлік пен ынтымақтың үздік үлгісін көрсете білді.

   

 

«Қоғамдық келісім»

 мекемесінің баспасөз орталығы

Көкшетау қаласы

Кейін қарай