Қазақстан халқы Ассамблеясы

20 Тамыз, 2021

273

Талдықорғанда «Ақ отауға ақ бата» атты Аналар кеңесінің форумы ұйымдастырылды

Алматы облысының «Қоғамдық келісім» КММ-де Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған «Ақ отауға ақ бата» Аналар кеңесінің форумы өтті. Іс-шараның модераторы «Қоғамдық келісім» директорының міндетін атқарушы Жандос Байкамитов болды7

Облыста жалпы саны 272 Аналар кеңесі жұмыс істейді. Оның ішінде 1 облыстық, 3 қалалық, 17 аудандық, 251 ауылдық округтерде. Олардың құрамына көп балалы аналар, мемлекеттік құрылымдардың, үкіметтік емес ұйымдардың қызметкерлері, психологиялық-медициналық мекемелердің, дағдарыс орталықтарының мамандары, этномәдени бірлестіктердің, ғылыми және шығармашылық зиялы қауымның өкілдері, әйелдер қоғамдық ұйымдарының белсенділері, медиаторлар кіреді.

Форум барысында барлық деңгейдегі Аналар кеңесі жұмысының негізгі бағыттары қаралды. Атап айтқанда, елімізде жүргізіліп жатқан отбасылық-демографиялық саясатты қолдай отырып, отбасы институтын сақтауға және нығайтуға, өскелең ұрпақты тәрбиелеуге, жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтардың алдын алуға жәрдемдесу. Сондай-ақ Аналар кеңестері әйелдердің құқықтық сауаттылығын арттыруға, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың проблемаларын шешуге, ұлттық құндылықтарды, дәстүрлерді жаңғыртуға қатысады, түрлі іс-шаралар арқылы берекелі, берік және тату отбасыларды насихаттайды.

Форум аясында аудандық Аналар кеңесінің өкілдері атқарған жұмыстары туралы айтып берді. Іс-шара соңында Аналар кеңесінің төрағаларын ақшалай сертификаттармен, сондай-ақ облыстық Аналар кеңесінің мүшелерін алғыс хаттармен марапаттау рәсімі өтті.

Кейін қарай