Қазақстан халқы Ассамблеясы

17 Қаңтар, 2022

335

Талдықорғанда әлеуметтік осал топтарға көмек көрсетілді

Алматы облысы «Ассамблея жастары» республикалық жастар ұйымы, «Баракат – путь к добру» қоғамдық бірлестігі, «Lider.kz» еріктілер қозғалысы және «Жетісу жастары» халықтың әлеуметтік осал топтарына азық-түлікке қаражат жинау акциясын ұйымдастырды.

Акция барысында Талдықорған қаласындағы көп балалы және аз қамтылған отбасыларға азық-түлік себеттері таратылды.

Ұйымдастырушылар осындай қиын-қыстау уақытта, мұқтаж адамдарға көмек көрсету маңызды екенін атап өтті. Өз кезегінде отбасылар осы қайырымдылық акцияны ұйымдастырушыларға алғыстарын білдірді.


Кейін қарай