23 Қазан, 2017
915
Танымдық кездесу
Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында, 20 қазан күні Маңғыстау облысы Қазақстан халқы Ассамблеясының өкілдері Оңды ауылының тұрғындарымен кездесті.
Іс-шараның мақсаты – облыстан шалғай жатқан өңір тұрғындарын Маңғыстау облысы Қазақстан халқы Ассамблеясының жұмыстарымен таныстыру, бір шаңырақ астында тұратын бірнеше ұлт өкілдерінің мәдениетін таныту, ұлттар достығын нығайту, тарихи-мәдени кешендерге экскурсия жасау.
Кездесуге Оңды ауылының әкімі Б.Б. Қайыпұлы, Маңғыстау облысы Қазақстан халқы Ассамблея хатшылығының меңгерушісі Г.М. Исмурзина, «Достлуг» әзірбайжан этномәдени бірлестігінің төрағасы, қалалық мәслихат депутаты Ш.А. Гусейнов, «Салават» башқұр мәдени орталығының төрайымы Г.Б. Фануровна, «Аллаяр жолы» қарақалпақ этномәдени бірлестігі төрағасының орынбасары С.И. Маймуратович, белорус этномәдени бірлестігінің төрайымы Г.А. Гусейнова және шығармашылық топ өкілдері қатысты.
Іс-шара барысында Маңғыстау облысы Қазақстан халқы ассамблеясы хатшылығының меңгерушісі Г.М. Исмурзина жиналған тұрғындарға ассамблея жұмыстарын түсіндіре отырып, оның ауқымды мақсаттары мен міндеттерін айтып, маңыздылығына тоқталды.
Этномәдени бірлестік өкілдері тұрғындарға бүкілқазақстандық бірліктің бірегей моделін қалыптастыруда Қазақстан халқы Ассамблеясының маңызды рөл атқаратындығын айтып, өздерінің ұлттық нақышта тігілген киім үлгілерін көрсетіп, ерекшеліктеріне тоқталды.
Кездесу этномәдени бірлестіктердің шығармашылық тобымен дайындалған концерттік бағдарламамен жалғасты. Жиналған жұртшылық жеке орындаушы Олег Байков пен қазақ күйлерін орындаушы Николай Федотовтың сондай-ақ, Сайлаубаева Лилияның өнерін тамашалады.
Шара соңында өңірге арнайы келген меймандар халықтың біртуар ұлы Әбіш Кекілбаевтың мұражайында болып, естелік суретке түсті.
Дата события ассамблеи: 23.10.2017
Ұқсас жаңалықтар
-
ҚХА Төрағасының орынбасары «KD Solution» компаниясының басшыларымен кездесті
-
Қызылордада Жұмысшы мамандықтар жылы аясында «Адал адам – адал еңбек – адал табыс» атты кездесу өтті
-
Нұртөре Жүсіп Қазақстан халқы Ассамблеясы, этномәдени бірлестіктер және мәслихат өкілдерімен кездесу өткізді
-
ҚХА медиасаласын дамыту мәселелері бойынша жұмыс кездесуі өтті
-
Қазақстан халқы Ассамблеясының Франция Ұлттық жиналысының депутаты Бруно Фукспен кездесуі өтті
-
ҚХА Төрағасының орынбасары ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының ректоры және Мемлекеттік саясаттың ұлттық мектебі директорымен кездесу өткізді
27 Тамыз, 15:17
Павлодарда «Ассамблея Шәмшінің әндерін шырқайды» атты музыкалық кеш өтті
26 Тамыз, 15:41
«Ассамблея жастары» РҚБ төрағасы ЮНЕСКО-ның халықаралық бағдарламасына қатысады
26 Тамыз, 17:00
«Мектепке жол»: мың баланың қуанышы
28 Тамыз, 10:20
Астанада «Жомарт жан» республикалық орталығының отырысы өтті
29 Тамыз, 12:37
Қызылордада «Адал адам – адал еңбек – адал табыс» қағидаты талқыланды